07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Global Challenges Summit 2018: АЭФ-тің бірінші күні

Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Ауқымды шараға 111 мемлекеттен 5 мыңнан астам қонақ келді. АЭФ-те 75 іс-шара жоспарланған.

Жалпы Астана экономикалық форумының күн тәртібіне алынған 11 тақырып та жаһан үшін өзекті. Сондықтан әлемдегі өзгерістерге бей-жай қарамайтын, ғаламшарымыздың болашағына алаңдаушылық білдіріп отырған сарапшылар форум барысында Бірыңғай экономика әлемі, ғаламдық стратегия, қалалар әлемі, ресурстар, таза энергия сияқты мәселелерді талқылады. Сонымен бірге жаңа әлем адамының кейпін сипаттап, оның ұзақ өмір сүруіне жағдай туғызу мәселесін көтереді.

Жаһандық жиынның пленарлық отырысына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Елбасы ғаламдық өзгерістердің кері әсерінен қорғанып, жер шарын дамытудың 5 бірдей мегатрендін атап көрсетті.

Сондай-ақ жиынға «Аpple» компаниясының тең құрылтайшысы Стив Возняк, БҰҰ 8-ші бас хатшысы, БОАО Азия форумы кеңесінің төрағасы Пан Ги Мун, Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд,  Goldman Sachs бұрынғы бас экономисі – Джим О'Нил, БРИК акронимінің авторы, т.б. қатысты.