×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 94

Бір сәт

«Хабар» Агенттігіне 21 жыл

Ақпараттық кеңістікте беделі мығым «Хабар» Агенттігі мемлекеттің саясатын саралап, ұлттық идеяны алға тартып жүр. Биыл – еліміздің басты арнасына 21 жыл.
«Хабар» агенттігі – бірнеше арнаны бір шаңырақ астына біріктірген «телеотбасы». Олар: «Хабар», «Хабар 24»  және  «Kazakh TV» телеарналары. Агенттік құрамындағы әрбір арна тек «Хабар» телеарнасының ғана емес, отандық телевизияның да өркендеуіне үлес қосатын үлкен мәнге ие.
 
21 жылдық тарихы бар «Хабар» агенттігі 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын құруда компанияның қызметін саралап зерттеді. Сондай-ақ агенттік құрамындағы арналарда эфир саясаты мен ұйымдастырушылық бизнес процестер трансформациялануда. Осыған сәйкес «24 kz» арнасының атауы «Хабар 24» болып өзгертілді. Ал 25 қазан күні «Білім және Мәдениет» және «Kazakh TV» арналары бірігіп шығады. Жаңарған арна Қазақстан және оның сыртында жұмысын жалғастыра бермек. Шетелдегі көрермен үшін ағылшын жәна қазақ тілдерінде, ал мемлекетімізде қазақ және орыс тілдерінде шығады.
 
«Хабар» телеарнасы жаңа маусымға жан-жақты әзірленді, тың өзгеріс көп. Мәселен, «Қорытынды жаңалықтар» сараптамалық шоуға айналды. «Білу маңызды», «Біздің назарда» атты әлеуметтік бағдарламалармен толықты.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Ақылдың кілті. Өмірдастан» телеэпопеясы мен «Бәсеке» сериалының екінші маусымын, әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқов туралы өмірбаяндық картинасын, «Унесенные рейсом» және басқа да туындылар тізбегін ұсынады. Сондай-ақ «Экспедиция 25», «Пай-пай, 25» бағдарламалары да ел тарихы пен жетістігін баяндамақ.
 
«Хабар» агенттігі көрермен қауымға әрдайым сапалы әрі қызықты бағдарламалар ұсынып келеді. Тек жақсы өзгерістермен, тың бастамалармен ақпарат айдынында көшбасшы ретінде танылды. Өткенге үңілсек, мақтанатын, марқаятын сәттер аз болмады. Суреттер сыр шертеді! Назарларыңызға тарих қойнауына енген алтын қордағы естеліктерді ұсынамыз!