«Кеңесшілер» телехикаясы - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК


«Кеңесшілер» телехикаясы

Өмір талабы бойынша кез келген бюрократтық құрылымның сипаты мен атау болуға тиісті. Күнделікті тұрмыс-тіршілігіміздің негізінде фильмнің желісін құруға болатыны мәлім.

 

Осы идеяны басшылыққа алған «Кеңесшілер» деп аталатын жаңа комедия хикаясының авторлары халық көп жиналатын Халыққа қызмет көрсету орталығында кино түсуді ұйғарған. Халыққа қызмет көрсету орталығы. Ол жерде маңызды мәселелердің қалай шешіліп, өмірдің қалай қайнап, қауырт болып жататынын бәріміз білеміз.

Кино түсіру алаңына айналған ХҚКО байсалды және белсенді қыз-жігіттер еңбек етеді. Әрбіреуінің өзінідік өмірі бар, біреулері ғашықтық күйде жүрсе, біреулері тіл табыса алмай, түсініспеушілік құрбандары болуда, тіпті кейбіреулерінің жүректерінде жанған үміт оты өшім, қайтадан жаңданып жатады. Кейіпкерлердің бірі - Арман, ол орталыққа жұмысқа тұрғанына көп болмасада, көпшіліктің көңілінен шығып, сенімге ие болды.

Арман жақсы жігіт, тәртіпті қызметкер, ең бастысы адамгершіліігі мол азамат екенін бәрі бірден біліп, таныды. Бәрі де жақсы болар еді, алайда Арманға кедергі жасап, қиындықтар туғызатын кейіпкер бар. Ол Бақытбек. Жұмысына немқұрайлы қарайтын Бақытбектің басты мақсаты - еңбек өтемін жинақтап, мұнай компаниясына ауысу.

Жас қызметкерлердің сыртынан басшылары Жанна Мәдиева мен Сәкен Ахметович бақылап жүреді. Екеуінің мінездері екі түрлі адамдар. Сәкен Ахметовичтің мінезі жұмсақ, мейірімді кісі. Ал мінезі қатаң Жанна Мәдиевадан қызметкерлері көзіне түспей, алыс жүргенді жөн көреді. Берік пен Салтанат кейіпкерлері ерекше назар аударуға тұрарлық. Олар хикаяның аяғына қарай ширап, батыл болады және бір-бірін сүйіп, қосылады.

Әрбір бөлім жеке немесе кәсіби мәселелердің түйіні шешілетін, өз бетінше жеке хикая.

Телехикая кейіпкерлері ХҚКО қызметкерлері секілді қызмет бабымен түрлі адамдармен кезігіп жатады. Хикая желісінде көрініс тапқан ерекше оқиғалар қосымша әсер қалдырады.

Фильмдегі рөлдерді сахнада тәжірибе жинаған әртістер сомдайды, олардың ішінде Жанаргүл Жаныманова, Нышанбек Жұбанаев, Дарья Александрова, Данагүл Қайырсапқызы, Азат Сейтіметов, Мерей Маханов, Арайлым Умірова және басқалар.

Продюсерлер: Эрнар Құрмашев және Айдархан Аділбаев

Қоюшы-режиссерлер: Қанағат Мустафин және Ренат Қосай

Сценарийді жазған: Данияр Күмісбаев

Қоюшы-оператор: Самат Шәріпов

Қоюшы-суретші: Серік Джорабеков

Дыбыс режиссері: Александр Химич

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.