Хабар телеарнасы

«Басты рөлде Димаш Ахимов» деректі фильмі

Ол «Қош бол, Медеу!», «Сұлтан Бейбарыс», «Қайсар», «Теңізді күту» және т.б. фильмдердегі рольдерімен танымал.

Кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Дінмұхамед Тілеулесұлы Әкімов – бүгінге дейін жалпы саны 100-ге жуық рольді сомдаған дарынды тұлға.

Талантты азамат алыс-жақын шетелдің кинокартиналарына да түскен. Режиссерлік және кинопродюсерлік қызметпен де шұғылданады.

Қазақ киносына өлшеусіз үлес қосқан Дінмұхамед Әкімовтің еңбек жолымен жақынырақ таныс болыңыздар! «Басты рөлде Димаш Ахимов» деректі фильмін көруге шақырамыз!