Хабар телеарнасы

«Қарттық құпиясы» деректі фильмі

Ойлау қабілетінің дамуы 22 жасында шарықтау шегіне жетсе, 27 жасқа келгенде, ой өрісінің дамуы төмендей бастайды. 42 жасқа жеткенде, кеңістіктік визуализация күрт әлсіреп, тері жасушалары жаңаруын төмендетеді. Геронтологтар осылай дейді. Адамзат баласын толғандырған қарттық туралы ашылмаған тағы қандай құпия бар? «Журналистік зерттеу» деректі фильмдер циклінің кезекті саны осы тақырыпқа арналады.