×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

ТОП бейне

«Хабар» арнасы көктемгі маусымда көрерменін тың туындылармен қуантпақ

«Хабар» арнасы көктемгі маусымда көрерменін тың туындылармен қуантпақ

Көктем – жаңалықтың жаршысы.

Табиғат түлеп, тіршілік жаңарған сәтте «Хабар» арнасы да көрерменін тың туындыларымен қуантпақ. Биылғы көктем маусымында жанр алуандығына бай 10-ға жуық жаңа бағдарламаның тұсауы кесілді. Бүгіннен бастап экранға жол тартқан  туындылардың тақырыптық жүгі қандай?

Арнамызда отандық сериал өндірісі қызу жүруде. Осы көктемде «Өз үйім» отбасылық ситуациялық комедиясы жарыққа шығады. 16 сериялы жобаның ерекшелігі  жұбайлардың рөлін елімізге танымал ерлі-зайыпты өнер жұлдыздары ойнайды. Сондай-ақ «Батырлар жолы», «Алтыншы бекет» сериалдары мен  «Время» криминалды драмасы экранға жол тартты. Хабардың тұлғатанудағы ұстанымы белгілі. «Тарих.Тағдыр.Тұлға» атты деректі фильмдер легі ұлт санасын өзгерткен тау тұлғалардың дидарын тың деректермен дараламақ.  

Айдос Тұрысбек, «Хабар» арнасының бас продюсері:

– Оның алғашқы кейіпкері – Мағжан Жұмабаев. Өйткені биыл 125 жылдығы. Арнайы жоспарлап отырмыз. Олардың көпшілік біле бермейтін қырлары, көпшілікке беймәлім ақпараттар, деректер, жаңа мағлұматтар берілетін болады. Осы аптадан бастап шығады.

Тың өзгеріс таңғы ақпараттық-танымдық бағдарламаға мықтап енгізілді. Енді күнделікті таңғы сағат 8 бен 9 аралығында  көрермендер студияға хабарласып, тікелей эфирде тілдесе алатын болды.

Айкүміс Сексенбаева, «Хабар» арнасының бағдарламалар директоры:

– «Кім мықты?» деген жаңа бағдарлама қызық болады деп ойлаймын. 50-60 жастағы аналарымыз, әкелеріміз бен  18-20 дағы жастар арасындағы бәйге деуге болады. Тренд дейміз, әлеуметтік дейміз қаншалықты олар біледі, қаншалықты жастар классикалық әдебиетті таниды. Сол екі буынның бәйгесі деп айтуға болады. Ондай формат, ондай бағдарлама басқа арналарда әлі болған жоқ. 

Әлеуметтік-танымдық бағдарламалардың мазмұны маңызды. «Спасаем жизнь» жобасы  халықтың медициналық сауатын арттыруға арналған. Адам тағдыры секундтарға тәуелді тұста шұғыл көмек көрсете білуге үйретеді. Ал «Спасатели» жобасы төтенше жағдайдан аман шығудың амалдарын түсіндіреді. Көрермен қошеметіне бөленген «Жұлдызды жекпе-жек», «Қызықтаймс» жобалары жаңа маусымда жалғасын табады. Қайта оралған «Миллион кімге бұйырады?» шоуының қоржыны қомақты.  Естеріңізде болса, өткен сенбіде 10 миллион теңге иесін тапты. 43 жастағы Евгений Малищук телешоудың қазақстандық нұсқасы тарихындағы бесінші миллионер атанды.

Автор: Гүлназ Қабидоллақызы