07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Астанада Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді

Астанада Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді

16-18 шілде аралығында «Тәуелсіздік сарайында» ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласының әкімдігімен, ҚР Сәулетшілер одағымен бірлесе Халықаралық сәулетшілер конгресін өткізеді. Шараның мақсаты – кәсіби тәжірибе алмасу, әлемдік сәулет өнерінің дамуының концептуалдық-теориялық бағыттарымен және оның негізгі тенденцияларымен танысу. Сонымен бірге қазақстандық және шетелдік жетекші сәулетшілермен шығармашылық байланыстар орнату.

Конгресс аясында халықаралық ғылыми-практикалық конференция, дөңгелек үстел ұйымдастырылады.  

Шараға алыс және жақын шетел сәулетшілері, үкімет пен бизнес өкілдері, еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан отандық сәулетшілер, девелоперлер, технологиялық компаниялар, жобалау бюролары, инженер-жобалаушылар, жоғары оқу орындарының сәулет өнері факультетінің студенттері, қала белсенділері, урбанистер, қазіргі заманғы суретшілер және БАҚ өкілдері қатысады.