×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

ТОП бейне

Жезқазған қаласындағы мұражай қоры құнды дүниелермен толықты

Жезқазған қаласындағы мұражай қоры құнды дүниелермен толықты

Жезқазған қаласындағы тарихи-археологиялық музей қоры тағы 300-ге жуық құнды жәдігермен толықты. «Тарихта өз атыңды қалдыр» деп аталатын шара аясында тұрғындар қолда бар дүниелерін музейге тапсырып жатыр. Көпшілігі этнографиялық, нумизматикалық, палеонтологиялық және тұрмыстық жәдігерлер.

Мәселен, жергілікті тұрғынның бірі Степлаг тұтқындарының, жазған хаттарын тапсырған. Музей директорының айтуынша, тапсырылған дүниелердің ішіндегі ең бағалысы – XIX ғасырдың орта шенінде басылған, Фирдоусидің «Шахнаме» кітабының түпнұсқасы. Оны мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бәйменов тапсырған. Парсы, түркі-шағатай тілдерінде жазылған кітапты оқитын адамдар қазір өте аз екен.

Раушан Қаппарова, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының директоры:

- Бұл – өте құнды кітап. Енді ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Алматы мешітінің қызметкері Әбдіқаһар имамға оқыттық. Оның өте құнды екенін айтты. Біз де музей экспозициясына қою үшін өте қажетті жәдігер деп есептейміз.