ТОП бейне

Олимпиада жүлдегері, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тен дүние салды

Олимпиада жүлдегері, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тен дүние салды

Қазақ халқы тағы бір талантты спортшы ұлынан айырылды. Бүгін мәнерлеп сырғанаушы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен дүние салды. Алдын ала мәлімет бойынша оған Алматы қаласында қастандық жасалған.

Алмас Сәдуақас, тілші:

-Оны бүгін шамамен күндізгі сағат 3.00 кезінде Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында автоұрылар пышақтап кеткен. Ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген жігіт көп қан жоғалтқандықтан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Ақылбек Үмбетәлиев, Алматы қаласы ІІД тергеу ісі басқармасы басшысының орынбасары

-Сағат 3-тер шамасында Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында Денис Тенге қарақшылық шабуыл жасалды. Белгісіз екі адам спортшының көлігін тонамақ болған кезде жәбірленуші оларға қарсылық көрсеткен. Салдарынан күдіктілер Денис Теннің бірнеше жеріне пышақ сұғып, оқиға орнынан із суытып үлгерді. Қазір осы оқиға бойынша «Қасақана адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктілерді іздестіру шарасы жүріп жатыр.

Бүгін сағат 21.30-да арнамызда Денис Теннің көзі тірісінде берген соңғы сұхбаттарының бірі көрсетіледі.