ТОП бейне

Қазақстандық ғалым топырақсыз ортада өнім беретін жылыжай кешенін ойлап тапты

Қазақстандық ғалым топырақсыз ортада өнім беретін жылыжай кешенін ойлап тапты

Жақында отандық ғалымдар топырақсыз ортада тамаша өнім беретін жылыжай кешенін ойлап тапты. Диас Тастанбеков айропоника әдісін ұзақ зерттеп, ақыры ойын жүзеге асырғанын мақтан тұтады.

Ол озық елдердің тәжірибесін Қазақстанға әкеліп, тиімді әрі табиғи көкөніс өсіруге болатынын айтады. Мұндай технология Америка, Жапония, Сингапур, Малайзия сынды мемлекеттерде кеңінен қолданылып келеді.

Диас Тастанбеков – 2017 жылы «Қазақстанның 100 есімі» тізіміне енген 18 ғалымның бірі. Енді осы айропоника әдісі бойынша ашылған жылыжай кешені «Қазақстанда мол өнім бере бастайды. Топырақсыз өсе беретін көкөністер шығынсыз әдіс саналады. Кез келген көкөністі үйде, тіпті пәтерден шықпай-ақ, бөлме ішінде өсіруге әбден болады», – деп әзілдейді жас ғалым.

Диас Тастанбеков, ғалым:

- Егер өсімдікке қажетті орта қалыптастыра білсек, яғни көмірқышқыл газы, жылу, су және қорек берсек, кез келген көкөністі жылыжайда өсіруге болады. Бұл технология өте тиімді, шығын аз, бірақ мол өнім алу болады.