ТОП бейне

«Junior Eurovision» балалар ән байқауы: Өтініштер 31 тамызға дейін қабылданады

«Junior Eurovision» балалар ән байқауы: Өтініштер 31 тамызға дейін қабылданады

«Junior Eurovision» балалар ән байқауына қатысуға өтініш әлі де қабылданып жатыр. Ән шырқай алатын 9-14 жас аралығындағы жеткіншектерге еліміздің атынан халықаралық сайысқа қатысуға көп мүмкіндік бар. Ол үшін еш жерге шапқыламай-ақ, khabar.kz сайты арқылы 10-15 минут ішінде өтініш бере аласыз.

Айта кетейік, «Junior Eurovision» халықаралық балалар ән байқауы15 жылдан бері өткізіліп келеді. Ал қазақстандық өрендер бұл халықаралық додаға биыл алғаш рет қатыспақ.

Өтініштер 31 тамызға дейін қабылданады. 9-14 жас аралығындағы жеткіншектер khabar.kz сайтына кіріп, әні мен фотосуретін жүктеп, сауалнама толтырады. Ән бұрын еш жерде жарияланбаған, еуропоп стилінде, 3 минуттан аспауы керек.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:

- Өте аз уақыт қалды. Өтініштер 31 тамызға дейін қабылданады. Байқауға қатысу ережелері өте оңай. Ол үшін khabar.kz сайтына кіріп, ол жерде бал-р евр-не арналған аранйы парақша жасалған. Сол парақшада ев-сі туралы бүкіл ақапарат жарияланған.

Байқаудың тарихынан аз-кем ақпарат. 2003 жылы басталған. Дегенмен телекөрермендер мен әділ қазылардың бірлесе дауыс беруі 2008 жылдан бастап іске асты. Ең алғаш 16 елдің жеткіншегі, ал биыл 19 елден сынға түспек. Бұл сайысты Қазақстан бойынша тек «Хабар» арнасы ғана эфирден көрсетеді.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:

- Ән туралы толық ақпарат, авторлары және бастысы, осы әнді жүктеу керек. Ол жерде жүктелетін әннің салмағына, баланың фотосуретіне де қатысты талап бар. Егер осы барлық талапты орындап, сауалнаманы дұрыс толтырған жағдайда, өтініш міндетті түрде қаралатын болады.

Іріктеу кезеңі аяқталған соң, еліміздің атынан халықаралық жарысқа кімнің баратыны анықталады. Бұл сайыс – нағыз талантты өнерпаздың әлемге танылатын алаңы. Сондықтан Сіз де қапы қалмаңыз! Бәлкім жиһан жұрты сіздің әніңізді күтіп отырған болар.

Авторы: Айбар Төлжанұлы