ТОП бейне

«Junior Eurovision Song Contest 2018»: Данэлия Тулешова халықаралық байқауға дайындалуда

«Junior Eurovision Song Contest 2018»: Данэлия Тулешова халықаралық байқауға дайындалуда

«Junior Еurovision 2018» халықаралық байқауына қатысуға мүмкіндік беретін ұлттық іріктеуде 10 үміткердің ішінен топ жарған Данэлия Тулешова жауапты кезеңге дайындалуда. Еліміздегі әсем жерлердің бірі Шарын шатқалында «Өзіңе сен» әніне бейнебаян түсіріп, халықаралық сахнада шырқайтын әнін толықтырмақ.

Тәлімгерінің айтуынша, сахналық қойылым да қайта жасалады. Ондағы мақсат – байыпты байқауда елімізді таныту. Дайындықпен бірге мектептегі сабақтарына да үлгеріп жүрген Данэлия: «Бұл халықаралық шара – өнер жолымдағы тағы бір баспалдақ», – дейді.

25 қарашада Минскіде өтетін «Junior Еurovision 2018» халықаралық ән байқауына биыл алғаш рет елімізден жас талант қатысады.

Данэлия Тулешова, «Junior Еurovision 2018» халықаралық байқауына қатысушы:

- Минскіде ұлттық іріктеуде айтқан әнімді орындаймын. Ақтық сынның алдында ауырып қалып, көп дайындала алмадым. Бірақ бар күшімді салдым. Сондықтан қазір әнді жүрекке жететіндей орындауға күш салып жатырмын.