Хабар телеарнасы

«Тарих. Тағдыр. Тұлға». Ұлы ойшыл, ақын, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердиев

«Тарих. Тағдыр. Тұлға». Ұлы ойшыл, ақын, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердиев. Абай мен Шәкәрім. Екеуі егіз ұғым. Шәкәрім Абайдың ізбасар шәкірті әрі өмірде үзеңгілес сенімді серігі. Қос әулеттен шыққан екі ұл дінге берік, рухани бай, өмірлік ұстанымдары мен шығармашылық көзқарастары ұқсас. Бірақ өміржолы бөлек. Қанша қуғын-сүргін көріп, зұлымдықпен қаза тапса да Шәкәрім есімі тарихта қалды.