×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Әлемде

Биыл мәскеуліктер Жаңа жылды қарсыз қарсы алады

Биыл мәскеуліктер Жаңа жылды қарсыз қарсы алады tourism.interfax.ru

Ресей астанасында мұндай жағдай тарихта алғаш рет болып отыр.

Дегенмен мерекені көңілді өткізуге бұл кедергі емес. Шаһар билігі: «Алаңдарға шамамен 10 миллиондай адам жиналуы мүмкін», – дейді. Мерекелік концерттер 6 алаңда ұйымдастырылған. Театрлық қойылымдар, шеберлік-сыныптар, би жарыстары күн ұзаққа созылса, түнгі 00:00-ден кейін Мәскеудегі 160 кітапхана мен 90 мұражай қонақтарға есігін айқара ашпақ. Метро мен қоғамдық көліктер тәулік бойы қызмет көрсетеді. Дәстүр бойынша түнгі 01:00-де 36 алаңнан отшашулар атылады. Өйткені осы уақытта Ресей Федерациясының барлық аумағына Жаңа 2018 жыл енеді.