07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Жапонияның Кагава префектурасында құс тұмауы тіркелді

Жапонияның Кагава префектурасында құс тұмауы тіркелді ntv.ru

Жапонияның Кюсю аралында құс тұмауы шығып, 90 мыңнан астам тауықтың көзі жойылды.

Індет Кагава префектурасына қарасты Сануки қаласындағы фермалардың бірінде пайда болған. Осыған байланысты жергілікті билік тұмау тіркелген шаруашылықтан 3 шақырымдай қашықтықта құс және тауық еті мен жұмыртқасын тасымалдауға тыйым салды. Сондай-ақ осы қожалыққа жақын орналасқан басқа да фермаларға өз өнімдерін сыртқа жіберуге шектеу қойылды. Кагава өңірінде құс тұмауы биыл алғаш рет тіркеліп отыр. Қазір ол кеңінен етек жаймас үшін барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынып отыр.

Айта кетейік, Жапонияда осы індеттің салдарынан 2016 жылдың қарашасынан 2017 жылдың наурыз айына дейін бір жарым миллион тауықтың көзі жойылған болатын.