07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Елизавета II патшайым тәжін киіп жүрудің қиындығы туралы айтып берді

Елизавета II патшайым тәжін киіп жүрудің қиындығы туралы айтып берді

Ұлыбритания патшайымы Елизавета Екінші «Би-би-си» түсірген деректі фильмде мәртебелі болудың қиын тұстарын айтып, мұңын шақты.

Патшайым Британ империясының тәжін ерекше шаралар кезінде киеді. 2800 алмаз тас, жүздеген маржан, зүбәржат, жақұт, лағылмен апталып, күптелген тәждің салмағы 1 келі және 300 грамм тартады екен.

«Бұл тәжді киген кезде параққа жазылған сөзді халық алдында кәдімгідей төмен қарап оқып шығамын деп ойлама – сенің сол парақты жанарыңа жақын етіп, оқуыңа тура келеді. Себебі назарыңды төмен түсіріп, басыңды исең желкең сынып, тәж жерге аунап түседі», – деген екен Елизавета II.

Патшайымның айтуынша, тәждің өзіндік кемшін тұстары болады.

«Бірақ не десек те, тәж – бұл маңызды атрибут», – деді монарх.

The Guardian

Аударған: Г.Абилова