14:50 Әрі қарай эфирде: Тележурнал «Astana life»
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Иран ядролық бағдарламаға қатысты келісімді өзгертуден бас тартты

Иран ядролық бағдарламаға қатысты келісімді өзгертуден бас тартты Вестник Кавказа

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімді қайта қарауды талап етті.

Дегенмен ресми Тегеран келісімді өзгертуден бірден бас тартты.

Айтуларынша, құжатты мүдделі тараптардың барлығы мойындап, бекіткен. Сондықтан ол қайта талқылауды талап етпейді. Ақ үй басшысы бұған дейін Ислам Республикасына жаңадан санкция жариялауы мүмкін екенін айтып сес көрсеткен.

Дегенмен кейін оның мерзімін 4 айға шегеріп, осы аралықта Иранның ядролық бағдарламасына үлкен өзгерістер енгізуді талап етті. Дегенмен Дональд Трамптың бастамасын келісімге қатысқан Еуропа елдері де құптамаған.