Әлемнің ақпарат құралдары EXPO көрмесінің маңыздылығы туралы мақалалар жариялады - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Әлемнің ақпарат құралдары EXPO көрмесінің маңыздылығы туралы мақалалар жариялады

  • Дүйсенбі, 12 Маусым 2017 19:28

Әлемнің ақпарат құралдарында да елордадағы ЭКСПО көрмесі жайлы көп айтылып, жазылып жатыр. 

Меруерт Жақан, тілші:

-«ЭКСПО-2017» көрмесі ел тұрғындары мен шетелдіктерді тамсандырып қана қойған жоқ, әлемдік баспасөз құралдарының да назарын аударып отыр. «EXPO-2017» көрмесі – Қазақстанның халықаралық аренаға жасаған тағы да бір қадамы». Осындай атаумен Forbes журналында мақала жарыққа шықты. Онда халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес «Қазақстан  экономикасын әртараптандыруға тырысып, дұрыс бағытта қадам жасаған. Бұл ел жаңғыртылатын қуат көздерін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, экологиялық таза технологиялар саласына инвестициялар тартып жүр» деген пікірімен бөлісті.

«АҚШ үшін «ЭКСПО-2017» шарасына қатысу өте маңызды», – дейді Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша мемлекеттік хатшысының бұрынғы көмекшісі. Оның айтуынша, америкалықтар «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтіп жатқан көрмеге үлкен ынта-ықыласпен қатысып отыр.

Ниша Бисвалл, АҚШ Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша мемлекеттік хатшысының бұрынғы көмекшісі: 

-«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі – әлем елдерінің заманауи технологияларын көрсетудің бірден бір мүмкіндігі. Жаңа жобалардың барлығы болашақ энергиясы туралы ойландырады. Бұл өте маңызды тақырып. Меніңше, АҚШ үшін Астанадағы ЭКСПО-ның бөлшегі болу маңызды. Қазақстан мен Американың арасында жақсы қарым-қатынас орнаған. «Болашақ энергиясы» тақырыбы – бүгінде бүкіл әлем бойынша өзекті мәселе. Біз елімізде энергетика саласындағы жаңа технологиялар қалай жасалатынымен таныстырғымыз келді.

Ал бельгиялық журналист Антонио Бускардинидің Brussels Express ақпараттық порталында «Болашақ энергиясы – Орталық Азиядағы пікірталас» атты мақаласы жарық көрді. «115 мемлекет, 22 халықаралық ұйым, көптеген халықаралық компаниялар үш ай бойы баламалы энергияға қол жеткізу және парниктік газдардың мөлшерін азайту мақсатында қауіпсіз және тұрақты жолдарды сарапқа салады. Қазақстан – мұнай, газ, уран және басқа да қазба байлықтарын экспорттаушы ірі елдердің бірі. Бірақ бұл жағдай баламалы қуат көздерін дамытуды мақсат еткен Астанада ашылған шараға еш қайшы келмейді», – деп жазылған мақалада.

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесінен кейін халықаралық аренада Қазақстанның шоқтығы бұрынғыдан да биіктей түседі», – дейді Ұлыбритания делегациясының жетекшісі Чарлз Хенри. Оның айтуынша, шетелдіктер осы көрмеге қарап, Қазақстанның сенімді әріптес болатынына көз жеткізе түседі. Сондай-ақ шетелдік мейман: «Нұр Әлем» ғимараты жаһандық сәулет  өнерінің үлгісі бола алады», – дейді. Айта кетейік, 2012 жылы Францияда халықаралық көрмелер бюросына мүше болған Ұлыбритания – 2017 жылы ЭКСПО-ны өткізуге үміткерлердің ішінен Қазақстанды таңдап дауыс берген алғашқы елдердің бірі.

Чарлз Генри, Ұлыбритания делегациясының жетекшісі:

-Астанадағы ЭКСПО Қазақстан үшін жаһандық деңгейдегі ірі оқиғаның бірі ретінде тарихта қалары сөзсіз. Өйткені әлемнің әр түкпірінен осы елді көру үшін келетіндер көп. Меніңше, ЭКСПО-ның басты ғимараты жаһандық сәулет өнерінің үлгісі бола алады. Халықаралық деңгейде бағалайтын болсам, бұл өте керемет құрылым. Ал көрменің ашылу салтанаты Голливудтағы шаралардан кем түспеді. Бізге сондай-ақ қазақстандық әріптестермен жұмыс істеген ұнады. Павильонымызды құрастыру барысында көп көмек көрсетті. Соның арқасында құрылысты уақытылы аяқтадық. Жалпы шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

Еуропаның ең танымал басылымдарының бірі Wiener Zeitung газетінде жарық көрген мақалада: «Қазақстан жаңартылатын энергия көздерінің қолданысын арттыруда алдына ауқымды мақсат қойып отыр», – делінген. Австрияның Ұлттық секция комиссары Ричард Шенц басылымға берген сұхбатында: «ЭКСПО-2017 – энергетикалық болашақ үшін ең маңызды шаралардың бірі», – деді.

Индонезияның The Jakarta Post газетінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығы туралы мақала жарияланды. «Көрме әлем жұртшылығын қоршаған ортаны қорғауға, табиғи қорды үнемдеуге, жаңғыртылатын жасыл энергияға көшуге үндейді», – делінген мақалада.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.