АҚШ-тың мемлекеттік қарызы рекордтық деңгейге жетті - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы рекордтық деңгейге жетті

  • Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 19:01

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті.

Ресми Вашингтонның берешегі – 20 трлн доллар. Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп қарыз шегін уақытша көтеру туралы заң қабылдаған еді. Нәтижесінде «Харви» және «Ирма» дауылынан зардап шеккендерге көмек ретінде 15,25 млрд доллар бөлінді. 

Brexit Ұлыбритания экономикасын әлсіретіп отыр

Brexit Ұлыбритания экономикасына кері әсер етуде әрі оның салдары күн сайын артып келеді. Елдің төл ақшасы фунт стерлинг әлсіреп, инфляция деңгейі көтерілді. Осындай мәліметті Германияның танымал «Дер Шпигель» басылымы келтірді. Былтырғы референдумнан кейін фунт стерлинг бағамы 11%-ға төмендеген. Тамыз айында инфляция 3%-ға жақындады. Ал жалпы ішкі өнім 0,3%-ға өсті. Бұл – «Үлкен жетілік» елдері арасындағы ең төмен көрсеткіш.

Астана процесі 14-15 қыркүйекте өтеді

Бүгін Астана процесінің аясында Ресей, Иран және Түркия өкілдерінің бірлескен жұмысшы тобының отырысы жабық режимде өтті. Сирия мәселесі бойынша келіссөздер барысында Идлиб провинциясында деэскалация аймағын құру мәселесі талқыланады деп көзделіп отыр. Сондай-ақ қауіпсіз аймақтардағы бітімді нығайту жолдары қарастырылады. Астана процесінің алтыншы кезеңі 14-15 қыркүйекте өтеді.

Солтүстік Корея жаңа қарарды қабылдамады

Солтүстік Корея БҰҰ ҚК-нің санкция енгізу бойынша жаңа қарарын қабылдамайтындықтарын айтты. Пхеньянның мәлімдеуінше, құжат елдің дамуына кедергі жасап, өзін-өзі қорғау құқығынан айыруға бағытталған. Сондықтан оны заңсыз деп есептеп, қажетті шараларды қолға алатынын ескертті. Қарарға сәйкес бұл мемлекетке тоқыма өнімдерін экспорттауға және елге газ конденсаттарын жеткізуге тыйым салынды.  

БҰҰ Бас ассамблеясының жаңа сессиясы басталды

Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас ассамблеясының жаңа сессиясы жұмысын бастады. Биылғы 72-отырыстың төрағасы – Словакия Сыртқы істер министрі Мирослав Лайчак. Сессияның күн тәртібінде 160-қа жуық тақырып бекітілген. Жиында Африканың дамуы, халықаралық терроризммен күрес, гуманитарлық көмекті үйлестіру, адам құқығын қорғау және өзге де маңызды тақырыптар қаузалады. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.