«Нейт» дауылы АҚШ аумағына бет алды - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Нейт» дауылы АҚШ аумағына бет алды

  • Сенбі, 07 Қазан 2017 12:08
«Нейт» дауылы АҚШ аумағына бет алды Вести ру

Кариб бассейнінде «Нейт» деп аталатын тағы бір алапат дауыл соғып, дүлей желден Орталық Америкадағы Никарагуа мен Коста-Рика елінде 22 адам қаза тапты.

15 тұрғын жоғалып кетті. Коста-Рикада төтенше жағдай жарияланып, 3 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жойқын дауыл нөсерге ұласып, елді мекендерді су басып жатыр. Теміржолдағы қатынас тоқтатылып, жүздеген әуе рейсі кейінге шегерілді. Мамандар дүлей желдің АҚШ аумағына бет алғанын айтады. Ол алдымен Юкатан жарты аралына, содан кейін Флорида, Луизиана және Алабама штатына соқса керек. Қазір бұл аймақтарда қауіптің алдын алуға қам-қарекет жасалып жатыр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.