ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Испания құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты

Испания құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты qsport.kz

Футболдан Испания құрамасы өз алаңындарында Албания құрамасын жеңіп (3:0), 2018 жылы Ресей жерінде өтетін әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шықты.

Испания құрамасы осылайша Еуропа елдерінен әлем біріншілігіне шыққан бесінші команда атанып отыр. Жалпы әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне 11 команда шықты. Олар – Ресей, Англия, Бельгия, Бразилия, Германия, Иран, Мексика, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея және Жапония құрамалары.

Италия құрамасы G тобында екінші орында. Енді олар тоғыспа кездесулерге қатысады.

Айта кетейік, тоғыспа кездесулердің жеребесі 17 қазан күні таратылады. Онда Еуропаның іріктеу кезеңінде екінші орын алып қалған құрамалар өнер көрсетеді.

Ақпарат көзі: qsport.kz