ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 86

Табиғат қорғаушылар Норвегияның Арктикада мұнай барлауына наразылық білдірді

Табиғат қорғаушылар Норвегияның Арктикада мұнай барлауына наразылық білдірді

Норвегияның Осло қаласының соты биліктің Арктикада мұнай барлау жоспарын тыңдауға кірісті.

Шағымды «Гринпис» және «Табиғат пен жастар» ұйымы түсірген. Арызданушылар соттан биліктің әрекетін конституцияға қайшы деп тапты. Өйткені үкімет бұл арқылы өзі бекіткен климат жөніндегі Париж келісімінің шарттарын бұзып отыр. Ал барлау жұмыстары аймақтағы экологиялық жүйеге орасан зор нұқсан келтіреді.

Табиғатты қорғаушылар ғимарат алдына мұздан конституцияның экологиялық бабы көрсетілген мүсін жасап қойды.

Өткен жылы Норвегия үкіметі 13 компанияға Арктикадағы қайраңда мұнай барлауға рұқсат берген болатын. Бұл көпшіліктің наразылығын туғызып, 150 мың адам мәселені қайта қарауды талап етіп, өтінішке қол қойды.

Трулс Гуловсен, Норвегиядағы «Гринпис» ұйымының өкілі:

- Біздің мақсатымыз – үкімет берген рұқсаттың заңсыз екенін сот арқылы дәлелдеп, оның күшін жою. Сонымен қатар билік осы жағдайдан кейін табиғатқа зиян келтіретін қадамдарға бармайды деп сенеміз.