×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Әлемде

Мьянма билігі рохинджа халқына көмек жіберуге уәде берді

Мьянма билігі рохинджа халқына көмек жіберуге уәде берді

Мьянма билігі Ракхайн штатындағы рохинджа халқына халықаралық гуманитарлық көмек жіберуге уәде берді.

Бұл туралы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің саммитінде Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак мәлімдеді. Оның айтуынша, Мьянманың мемлекеттік кеңесшісі Аун Сан Су Чжи мұндай ұсынысты оң қабылдаған. Сондай-ақ ол Бангладешпен рохинджа босқындарын кері қайтару жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын жеткізді.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Мьянмадағы зорлық-зомбылықтан Бангладешке қашқан босқындардың саны 800 мыңнан асқан.