ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Аргентина әскери теңіз күштерінің сүңгуір қайығы жоғалып кетті

Аргентина әскери теңіз күштерінің сүңгуір қайығы жоғалып кетті Фото: Народные новости

Бұл ақпаратты әскерилер өздерінің Twitter парақшасында жариялады.

Қайықтың бортында 44 адам болған. Субмарина сәрсенбі күні Ушуайя портынан Мардель-Платаға аттанған.

Бірақ орта жолда байланысқа шығуын тоқтатқан. Кларин басылымының хабарлауынша, бұған сүңгуір қайықтағы техникалық ақау немесе өрт себеп болуы мүмкін.

Қазір су көлігі ұшақтар мен кемелердің көмегімен іздестіріліп жатыр. Ал әскери техниканың өзі Германияда құрастырылып, Аргентина әскери теңіз күштері құрамына 1985 жылы берілген.

Оның ұзындығы – 66 метр. Мұндай субмарина су астында екі сағат бойы жұмыс істей алады.