ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Италияда биыл ауылшаруашылық саласының шығыны 2 млрд еуроны құраған

Италияда биыл ауылшаруашылық саласының шығыны 2 млрд еуроны құраған

Биыл Италия тарихында ең құрғақ жыл болды.

Ғалымдар жаңа климаттық рекорд белгіледі. Соңғы екі ғасырда Апеннин түбегінде мұндай қуаңшылық болған емес. Жауын-шашын әдеттегіден 30 пайызға аз жауған. Әсіресе бұл ақпаннан қыркүйекке дейінгі аралықта және қазанда қатты сезілген. Қуаңшылық пен орман өрттері астықтың бір бөлігін және жеміс-жидек пен көкөністі жойып жіберді. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, биыл ауа райының салдарынан ауылшаруашылық саласының шығыны 2 млрд еуроны құраған. Ауылшаруашылықтың ішкі жалпы өнімі 7 пайызға азайған. Көлдер мен өзендердің таяздануы ауызсу жағдайын да қиындатып отыр.

Лоренцо Баццана, «Coldiretti» ауыл шаруалары ұлттық бірлестігінің бөлім басышысы:

– Ғалымдар биыл тарихымыздағы ең құрғақ жыл екенін айтып отыр. Өз басым күннің аса ыстық болғанын айта кеткім келеді. Қуаңшылық әрі аптап ыстық астықтың шығымына көп залалын тигізді. Жауын жауған жоқ. Қыс мезгілінде жинақталуы тиіс су қоры құралмай қалды. Осының салдарынан астықтың түсімі аз болып, кей жерлерде егістік алқаптар жанып кетті.