ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Сирия «Ирак және Левант» лаңкестік тобының содырларынан толық азат етілді

Сирия «Ирак және Левант» лаңкестік тобының содырларынан толық азат етілді

Бұл туралы Ресей Қарулы күштері бас штабының басшысы, генерал Валерий Герасимов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жасақтар Дейр-эз-Зор провинциясында шоғырланған лаңкестерді талқандаған. Салихия, Эль-Хрейта, Эль-Катья мен Мусалаха елді мекендерін азат еткен соң үкімет әскерлерімен күш біріктірген. Бас штаб басшысы лаңкестердің күйреуіне күрд жасағының соққысы сеп болғанын айтады. Айта кету керек, Ресей лаңкестікке қарсы операцияға Сирия үкіметінің өтінішімен 2015 жылы кіріскен болатын.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

– Қорғаныс министрі Евфрат өзенінің шығыс және батыс жағалауларындағы операция лаңкестердің ойсырай жеңілуімен аяқталғанын айтты. Кей жерлерде әлі де шайқас жүріп жатыр, бірақ осы аймақтағы әскери операция аяқталды. Енді операцияның келесі кезеңіне өту керек, бұл – саяси процесс.