ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Испания билігі банан салынған контейнерлер ішінен 6 тонна кокаин тапты

    Сәрсенбі, 06 Желтоқсан 2017 09:56

Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Хуан Игнасио Зоидо мәлім етті.

Дерек бойынша, контейнерлер Колумбиядан әкелінген. Осы іс бойынша 3 адам қамауға алынды. Қатарында есірткі тасымалдаған компания өкілі бар. Ал бұған дейін Испанияда 1999 жылы ел тарихында ең ірі есірткі партиясы тәркіленген.

Еуроодақ 17 офшорға қарсы санкция қолдануы мүмкін

    Сәрсенбі, 06 Желтоқсан 2017 09:35

Қара тізімге 17 аймақ кірген.

Олардың қатарында Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Барбадос, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Панама, Сент-Люсия, Тринидад, Тунис сияқты елдер бар.
Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэрдің айтуынша, тағы 47 елдің бұл тізімге енуі әбден мүмкін. Өйткені бұл мемлекеттердегі салық жүйесі Еуроодақ стандарттарына қайшы келеді. Дегенмен алдағы уақытта бұл мәселе қайта қарастырылмақ.

Денгеге қарсы әлемдегі алғашқы вакцина сатылымнан алынды

    Сейсенбі, 05 Желтоқсан 2017 13:37

Филиппинде Денге безгегіне қарсы әлемдегі алғашқы вакцина сатылымы тоқтатылды. Оған дәрі-дәрмектің жанама әсері себеп.

Бұған дейін өндіруші француз компаниясы «клиникалық зерртеулер нәтижесінде емделуші үшін қауіп мүмкіндігі анықталды» деп ескерту жариялады.

Препарат 12 жастан асқан адамдарға арналған. Филиппин билігінің мәліметінше, қараша айында ғана екпе 730 мың балаға салынған.

Каталония үкіметінің бұрынғы алты мүшесі қамаудан шықты

    Сейсенбі, 05 Желтоқсан 2017 13:30

Испания Жоғарғы соты Каталония үкіметінің бұрынғы алты мүшесін кепілге босатты.

Аймақтың экс вице-президенті Ориол Жункерас министрлер кабинетінің өкілі Жоаким Форн мен партия жетекшілері Жорди Санчес және Жорди Куишарт қамауда қалды.

Ал Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон мен автономия үкіметінің бұрынғы төрт мүшесін Испанияға экстрадициялау мәселесі Брюссельде қаралады. Оларға бүлікшілдік, мемлекет қаражатын орынсыз пайдаланды деген айып тағылып отыр.