07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Оңтүстік Кореяда лаңкестікке қарсы жаттығу өтті

    Бейсенбі, 25 Қаңтар 2018 10:40

Оңтүстік Кореяда Қысқы Олимпиада ойындары алдында лаңкестікке қарсы жаттығу өтті.

Шара барысында халықаралық жарысқа қатысушыларға жасалатын шабуылдарға тойтарыс беру әрекеттері дайындалды. Тәртіп сақшылары көлікпен жанкүйерлерді қағу, адамдарды кепілдікке алу және қашықтан басқарылатын ұшқыш құрылғы арқылы жасалатын лаңкестікке қарсы қимылдарды көрсетті. Ресми өкілдердің айтуынша, алдағы Олимпиаданың қауіпсіздігін қамтамсыз ету үшін барлық шара қолға алынған.

Вон Гён Хван, Канвондо провинциясының полиция басшысы:

- Оңтүстік Кореяға көптеген елдің басшылары келеді. Көп күнге созылатын шара барысында тек лаңкестік қаупі ғана төніп тұрған жоқ. Сонымен қатар ауа райы салдарынан болатын көлік кептелісі және басқа да тосын жайларға сақадай сай болуымыз керек.

Францияда толассыз жауған нөсер соңы су тасқынына ұласты

    Сәрсенбі, 24 Қаңтар 2018 16:32
Вести

Табиғи апаттан елдің шығыс және солтүстік өңірі жапа шеккен.

Сена өзені арнасынан тасып, Париждің біраз ауданын су басты. Салдарынан мұнда көлік қозғалысы шектеліп, теміржол қатынасы іркіліспен жұмыс істеп тұр.

Шаһарда қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды. Ал мамандар: «Өзендегі су деңгейі әлі де көтеріліп, 6 метрден асуы мүмкін», – деп ескертуде. Сондықтан жергілікті билік қала тұрғындары мен қонақтарын сақ болуға шақырып отыр.

Негізі 1910 жылы Сена өзеніндегі су деңгейі ең максималды көрсеткіш 8 метрге дейін көтерілген болатын. Соның салдарынан Парижді су басқан еді. 

Мьянма Бангладешке қоныс аударған босқындарды қайта қабылдайды

    Сәрсенбі, 24 Қаңтар 2018 09:43

Мьянма билігі Бангладешке қоныс аударған рохинджа босқындарын елге қайта қабылдауға дайын.

Осы мақсатта олар Бангладеш билігімен келіссөздер жүргізді.

«Ассошиэйтэд Пресс» агенттігінің хабарлауынша, Ресми Дакканың келісімді бастау күнін белгілемеуіне әлі де шешілмеген мәселелер кедергі келтіріп тұр. Атап айтқанда, Бангладеш билігі Мьянма босқындарды еліне қайтару үшін күш қолдануы мүмкін деп алаңдаулы. Өйткені ауып келген рохинджа халқы Мьянмаға қайта баруға ниетті емес.

Швейцария мен Жапония елінде қар көшкіні қаупінің ең жоғары деңгейі жарияланды

    Сейсенбі, 23 Қаңтар 2018 18:04
kp.ua

Альпі тауының Швейцариядағы бөлігі қалың қарға көміліп қалды.

Кейбір аудандарда ақ ұлпаның қалыңдығы 3 метрге дейін жеткен. Синоптиктер бұл Швейцарияда соңғы 19 жылда болмаған құбылыс екенін айтуда. Автокөлік жолдары жабылып, теміржол қатынасы тоқтаған. Қар көшкіні қаупінің ең жоғары деңгейі жарияланып, бір елді мекеннің тұрғындары тұтас көшірілді. Елдің оңтүстігіндегі Церматт курортынан 9 мың турист шыға алмай қалған.

Жапонияда да осыған ұқсас жағдай. Онда қар көшкіні жүріп, ондаған адам жарақат алды. Табиғаттың тосын мінезінен ел астанасы Токиода, сондай-ақ Тиба мен Канагава префектураларында 250 адам зардап шекті. Токиода көлік қозғалысы шектетілді. Ал елдегі халықаралық әуежайларда 300-ден астам рейс шегеріліп, 9 мың адам діттеген жеріне жете алмады.