Әлемде - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Сәрсенбі, 11 Қазан 2017 20:51

Испания үкіметі Каталония билігінен автономияның тәуелсіздігі жайлы шешімді нақтылауды талап етті.

Аймақ егемендігін жарияласа, Мадрид ел Конститутциясының 155-ші бабына жүгініп, Каталонияның өзін-өзі басқаруын жартылай тоқтатпақ. Бұдан бұрын автономды аймақ басшылығы өңірдің тәуелсіздігі туралы құжатқа қол қойған еді.  Каталония билігі Мадридпен келіссөз жүргізіп көрмек.

ХВҚ әлемдік жалпы ішкі өнімнің даму болжамын өсірді

Каталониядағы саяси ахуал әлемдік экономикаға кері әсерін тигізеді. Халықаралық валюта қорының мамандары осындай пікірде. Мамандардың болжамынша, биыл және келер жылы әлемдік жалпы ішкі өнім 0,1 пайызға көтеріледі. Ал өсімге Еуроодақ пен Шығыс Еуропа, Азия және Ресейдегі кедеңдік даму негіз болып отыр. Халықаралық қаржы ұйымы Қазақстанның ЖІӨ 2017 жылы 3,3 пайызға, ал 2018 жылы 2,8 пайызға өседі деген болжам жасады.

Сейсенбі, 10 Қазан 2017 19:32

Көршілес елдегі саяси тұрақтылықтың мығым орнауы, кезекті президенттік сайлаудың ойдағыдай өтіп, ел басшылығына лайықты адамның келуін қырғызстандықтармен қатар, қазақстандықтар да күтеді. Қазақ пен қырғыз – түбі бір туыс, еншісі бөлінбеген бауырлас халық.

Алматы мен Бішкек арасы – 233 шақырым немесе небәрі 3 сағаттық жол. Қоңсы жатқан екі елдің үй-жайы да, мал-жаны да жапсарлас жатыр. Ал қазақ-қырғыз қатынасының бастауын дөп басып ешкім айта алмас. Әйтеуір тарта берсең тарқатыла беретін тарих атты тамырының тым тереңінде жатыр. 

Бүркітбай Аяған, тарихшы:

-Бір кездері қазақ пен қырғыз Алтын орда құрамында болған. Одан кейін Ақорда құрамында болған. Қиын кезде қазақ қырғызға, қырғыз қазаққа келіп жүрген. Тіпті кезінде жоңғарға қарсы бір одақта күрескенбіз. Одан кейін Моғолстан құрамында бірге болғанбыз.

Қазақстан мен Қырғызстан тәуелсіздік алып, жеке отау тіккен сәтте де арасы алыстаған емес. Көрші елдің саяси сахнасы сан түрленген сәтте де Қазақстан теріс айналған жоқ, тірек болды. Айырқалпақты ағайын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып кірген сәтте  «көмек болсын» деп, 100 млн АҚШ долларын берді.

Жақсылық Сәбитов, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

-1991 жылдан бері Қазақстан Қырғызстанға 800-млн мен 1 млрд доллар аралығында инвестиция құйған. Бұдан бөлек 2010-2011 жылдары Қырғызстандағы төңкерістерден соң 30 млрд АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетті. Саясаттың аты саясат. Бірақ бізді ортақтастыратын нәрсе көп. Тамырымыз бір, тарихымыз ортақ.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы алыс-беріс ауқымды. Мысалы, электр энергиясы, мазут, көмір береді. Жылына 1 млн тонна мұнай өнімдерін экспорттау туралы келісілген. Мұндай екі жақты ынтымақты былай қойғанда, Қазақстан мен қырғыз елі халықаралық бірнеше ұйымға мүше.

Санат Көшкімбаев, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

-Қазақстан мен Қырғызстан Еуразиядық экономикалық одаққа, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше. Негізі екі елдің өзара ынтымақтастық тарихының тамыры тереңде жатыр. Қос тарап 20 жыл бұрын «Мәңгілік достастық» туралы келісімге қол қойды. Бұл құжаттағы қағидаларды біз әлі күнге дейін ұстанып келеміз.

Ирина Черных, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері:

-Ауылы аралас, қойы қоралас екі елдің арасын туыстық қатынастар да байланыстырады. Сондықтан мемлекетаралық қатынас хақында айтқанда осы жағын да ұмытпаған абзал. Ал Орталық Азия өңірі тұрғысынан қарасақ, ең басты мәселе – қауіпсіздік. Қазір қауіп көп, сондықтан ымырада болған жөн.

Тура 5 күннен соң көрші елде кезекті сайлау өтеді. Биылғы президенттік сайлау науқаны да аса белсенді және ширыққан жағдайда өтетін сияқты. Тіпті сарапшылар бұл сайлаудың екінші туры болуы мүмкін екенін де болжап отыр.

Эдиль Осмонбетов, саясаттанушы:

-Менің ойымша, Қырғызстанда сайлау мейлі бір кезеңнен, мейлі екі кезеңнен тұрсын, өз дәрежесінде өтеді және кез келген азамат шын жүрегімен дауыс беруі үшін ешқандай кедергі келтірілмеуі тиіс.

Ынтымақ тарихы тым терең жатқан қазақ пен қырғыз елінің геосаясат, геостратегия, геоэкономика мәселелерінде ұстанымы ұқсас. Сондықтан сайлаудан кейін де екі елдің арасындағы келісімдер бұрынғыдан да қарқынды дами беруіне екі тарап та ынталы дейді саясаттанушылар.

Авторлары: Гүлжан Марқабаева, Нәзия Тұяқова, Жасын Біркенов, Владимир Бовкис

Сейсенбі, 10 Қазан 2017 19:06

15 қазанда Қырғызстанда президент сайлауы өтеді. Соңғы бірнеше күнде бас лауазымға үміткерлер үгіт-насихатты белсенді жүргізіп, дауыс жинаудың қамына кіріскен.

Бұл тізімде 12 үміткер бар. Алғашында ниет білдірген 59 үміткердің 13-і талаптардан сүрінбей өтті. Кейін Камчыбек Ташиев өз еркімен бас тартты. Үздіктер қатарында бұрынғы үш премьер-министр Бабанов, Сариев және Жээенбеков бар. Алғашқы екеуін өздері басқарып отырған партия ұсынды. Жээнбеков шыққан партияның жетекшісі – қазіргі президент Атамбаев. Сондай-ақ президент лауазымынан үмітті он екі кандидаттың бірі әйел адам. Бұл үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдар бірлестігінің төрайымы Токтайым Уметалиева. Сайлау 15 қазанда өтеді. Егер дауыс берер алдындағы бір күн «тыныштық күні» екенін ескерсек, сайлауалды үгіт-насихатқа үміткерлердің небәрі төрт күні қалды.

Чынара Эсенгул, саясаттанушы:

 -Бәсекелестердің әдіс-тәсілдерін, көңіл-күйлерін ой елегінен өткізсек, сайлаудың екінші кезеңі болуы мүмкін. Себебі халық кімге дауыс берерін білмей, басы қатып жүр. Кімге сеніп, кімді қолдарын білмейді. Сондықтан сайлаудың соңғы күндеріндегі халықтың басым көпшілігі ішкі түйсігімен таңдау жасайды деп ойлаймын.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.