ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Сеулде Солтүстік Кореяның ядролық шабуылынан аман қалу үшін жерасты бункері сатылып жатыр

    Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2017 20:49

Бірақ металл құрастырылым жарнамасында бұл туралы айтылмайды.

Тек қана қалыңдығы 8 миллиметр болаттан жасалған конструкция табиғи апаттардан, ядролық және бактериологиялық қарулардан, радиоактивті сәулеленулерден және газ шабуылынан қорғайтыны айтылған. Бункерге сегіз төсек, тоңазытқыш, электр шәйнегі және азық-түлік сыяды. Ол арқылы жер астында 20 күн өмір сүруге болады. Жарықпен бункердің ішінде орналасқан күн батареясы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл жерде ауа тазартатын құрылғы мен қол электр генераторы орнатылған.

Ким Джи Хван, бункерлерді өндіруші компанияның өкілі:

– Бункерді төрт метр тереңдікке көмеміз де, үстіне бетон құямыз. Біздің ойымызша, ол ядролық жарылысқа төтеп беруі тиіс. Солтүстік Корея зымыран ұшырғанда немесе олар ядролық қарудың жаңа түрін тапқаны жөнінде хабарлағанда, тұрғындар үшін күніне жиырмаға жуық кеңес беру өткіземіз.

Сауд Арабиясы жемқорлықпен күресті барынша қатаңдатады

    Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2017 13:31

Бұл туралы ел королі Салман бен Әбдел Әзиз мәлімдеді.

Ол жекеменшік секторға жоғары баға беріп, экономиканың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Бұған дейін Сауд Арабиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті 11 ханзада мен бірнеше шенеунікті қамауға алған еді.

Салман бен Әбдел Әзиз, Сауд Арабиясының королі:

- Жемқорлық – тез таралатын қауіпті індет. Ол елдің болашағына балта шауып, дамуын тежейді. Сондықтан онымен әділ әрі қатаң күресуге бел байладық. Сонда ғана еліміз қарапайым халық қалағандай дамудың даңғыл жолына түседі.

Брюссельде Еуроодақ елдерінің саммиті басталады

    Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2017 13:09

Екі күнге жалғасатын басқосуда қорғаныс, сауда және көші-қон  мәселесі қаралады.

Кездесуде Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуы мен Корей Халық Демократиялық Республикасы төңірегіндегі жағдай сөз болмақ. Сондай-ақ күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі – Ұлыбританияның Одақтан шығу үдерісі. Жиын басында Еуропалық кеңес мүшелері Еуропарламент төрағасы Антонио Таяни және НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездеседі деп жоспарланған.

Дональд Трамп: АҚШ «жаңа экономикалық ғажайып» қарсаңында тұр

    Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2017 12:38

«Америка Құрама Штаттары жаңа экономикалық ғажайып» қарсаңында тұр.

АҚШ президенті Дональд Трамп осындай мәлімдеме  жасады. Ақ үй басшысы өз сөзінде ел экономикасы 3 пайызға өскенін атап өтті. Осы күндері ел конгресінде салық реформасы  қызу талқылануда. Заң жобасы қабылданса, салық мөлшері 35 пайыздан 20 пайызға дейін азайтылады. Бұған дейін АҚШ-тың  Федералдық резервтік жүйесі еңбек нарығы мен инфляция жағдайларын бағамдай отырып, пайыздық ставканы 1,25-тен 1 жарым  пайызға көтерген болатын.