08:10 Әрі қарай эфирде: «Давайте говорить!» ток-шоу
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Парижді топан су басты

    Дүйсенбі, 29 Қаңтар 2018 22:26

Парижде Сена өзенінің деңгейі көтеріліп, қаланың бірқатар ауданын су басты.

Оған тоқтаусыз жауған нөсер себеп. Тасқын салдарынан Иль-де-Франс аймағының бір жарым мың тұрғыны эвакуацияланды. Табиғи апат көлік қозғалысына кедергі келтірген. Шаһарда бірнеше теміржол аялдамасы мен автокөлік жолдары жабылып, Сенада кеме қатынасы тоқтады. Париждің іргесінде мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Ал жергілікті билік: «Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді», – дейді. Франция астанасында алдағы күндері де жауын-шашынды ауа райы сақталады деп күтілуде.

Пенсильвания штатындағы атыстан 5 адам бақилық болды

    Дүйсенбі, 29 Қаңтар 2018 18:05
nashiusa.com

Пенсильвания штатында автокөлік жуу орталығындағы атыстан кемінде 5 адам қаза тапты.

Тағы біреуі жарақат алған. Бұл туралы «Фокс Ньюс» телеарнасы хабарлады. Дерек бойынша оқиға Питтсбургтен 90 шақырым жерде орналасқан Мелкрофт қаласында болды. Марқұмдардың 3-еуі – ер, қалғаны – әйел адамдар. Осыған байланысты тергеу амалдары басталып кетті. Қаза тапқандардың қатарында атыс ашқан адамның бар-жоқтығы анықталып жатыр.

Финляндияда өткен президент сайлауында Саули Ниинистё жеңіске жетті

    Дүйсенбі, 29 Қаңтар 2018 12:33

Елдің қазіргі басшысы дауыс берушілердің 62,7 пайызының қолдауына ие болды.

Оппозициялық «Жасылдар одағы» партиясының өкілі Пекка Хаависто үшін сайлаушылардың 12,4 пайыз, «Нағыз финдер» кандидаты Лаура Хухтасаари үшін 6,9 пайыз дауыс берген. Сайлаудың соңғы қорытындысы 30 қаңтарда жарияланады деп күтілуде. Ал 1 ақпанда жаңа президентті ұлықтау рәсімі өтеді.

Кабулдағы әскери академияға шабуыл жасалды

    Дүйсенбі, 29 Қаңтар 2018 11:08
Bykvu.com

Ауғанстан астанасында тағы теракт.

Бұл жолы Кабулда маршал Фахим атындағы ұлттық қорғаныс университетіне шабуыл  жасалды. Соңғы мәлімет бойынша, қайғылы оқиға кезінде 11 адам қаза тауып, 16-сы жарақат алған. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, шабуылды 5 адам ұйымдастырған. Лаңкестік әрекетті «Ирак және Левант» лаңкестік тобы мойнына  алды.

Еске салсақ, қаңтардың 27-сі күні Кабулда ірі теракт болған еді. Ол кезде жанкешті жарылғыш зат тиелген жедел жәрдем көлігін Ауғанстан астанасының орталық көшесінде жарып жіберген. Салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі террористік əрекетті қатаң айыптады. Сыртқы ведомствоның мәліметінше, зардап  шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.