10:45 Әрі қарай эфирде: «Мечты сбываются» программа
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 148
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Павлодардағы арнайы экономикалық аймақтан мыңнан астам адам жұмыс тапты

Павлодардағы арнайы экономикалық аймақтан мыңнан астам адам жұмыс тапты

Жаңа Ертіс өңіріне тартылған инвестиция көп дедік қой. Бұған «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы оң әсер етті. Қазір онда ірі-ірі 6 жоба жүзеге асып жатыр.

Тағы алтауы әзірленуде. Облыс жаңа тауар түрлерін өндіре бастады. Айталық жуырда өндірістік май зауытының алғашқы кезеңі іске қосылды. Қоспалы алюминий кластерін дамытуға барынша күш салынып жатыр. Көп ұзамай зауыттың өндірістік қуаттылығы 36 мың тоннаға жеткізіледі. Сол алюминийден құйма дискілер, бағаналар өндіру жолға қойылады. Жалпы арнайы аймақ ашылғалы 1000-нан астам адам жұмыс тапқан.

Александр Зореев, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы басқарма компаниясының басқарма төрағасы:

 -Бұл – қоспалы алюминийден жасалатын өнімдер. Қазіргі уақытта Ресейдің Красноярск өңіріндегі инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Олар құйма дискілерді шығаруға ниетті. Павлодар арнайы аймағында іске қосылатын зауытта жылына кем дегенде 500 мың бірлік өндіріледі. Шикізат жергілікті алюминий зауытынан алынады.