ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Маңғыстау облысында ҮИИД бағдарламасы бойынша 6 жоба іске қосылады

Маңғыстау облысында ҮИИД бағдарламасы бойынша 6 жоба іске қосылады

Биыл Маңғыстау облысында үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 6 ірі жоба іске асады.

Оның төртеуі «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында салынып жатыр. Құны 870 млн теңге тұратын темір балқыту зауыты жыл соңында іске қосылады. Жоспар бойынша 80 адам жұмыспен қамыталады. Ал көкөніс сақтайтын қойманың құрылысы аяқталуға жақын. Азық-түліктің 80 пайызы өзге аймақтар мен көрші елдерден тасымалданатын Маңғыстау өңірі үшін бұл жобаның маңызы зор. Озық үлгідегі қойма бір мезгілде 3 мың тонна көкөніс сақтауға қауқарлы.

Керамзит тасын шығаратын зауыт болса жұмысын бастап кетті. Мұнда 25 жергілікті тұрғын еңбек етіп жатыр. Олар жылына 130 мың текше метр тұрғын үй құрылысына аса қажетті тас шығарады. Барлық жобаға инвестициялық қаржы құйылды.

Шолпан Ілмұхаметова, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

-«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Елбасы индустрияландыру жұмысына инвесторларды көптеп тартуды тапсырған. Осы орайда облысқа биыл жарты жылда 220 млрд теңге инвестиция тарттық. Бұл жаңа кәсіпорындардың іске қосылып, жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.