×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 148

Экономика

Итальяндық инвесторлар Қазақстанда пластиктен қуат өндіру жобасын қаржыландыруға ниетті

Итальяндық инвесторлар Қазақстанда пластиктен қуат өндіру жобасын қаржыландыруға ниетті Reactor Inform

«Kazakh Invest» АҚ мен Италияның «Bionet SrL» компаниясы арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Италия тарапы Қазақстандағы биоөндірісіне 45 млн. евро көлемінде инвестиция салмақшы.

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ басқармаларының төрағасы Мақсат Қабашевтың айтуынша, бұл құжатта Қазақстанда органикалық қалдықтардан биоқуат өндіру бойынша инновациялық құрал-жабдықты қолданысқа енгізу үшін инвестиция салу жайы қарастырылған.

«Bionet SrL» жобасы бойынша келіп түсетін шикізатты анаэробты ашыту және биогазды қалпына келтіру арқылы одан электр қуатын немесе биометан алу жолымен шикізаттың энергетикалық әлеуетін пайдалана алатын зауыт құру көзделінген. «Біздің технологиямызды қолдана отырып жұмыс істейтін зауыт қатты қалдықты өңдей отырып, оны электр қуатына немесе ауылшаруашылығында пайдаланылатын тыңайтқыш өніміне айналдырып кәдеге жаратуға мүмкіндік береді. Осылайша біз қуат үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау міндеттерін қатар шешеміз», – деп түсіндірді «Bionet SrL» президенті Норберто Занини.

Меморандумға Италияның Фриули-Венеция-Джулия өңірінің EXPO-2017 халықаралық көрмесіндегі апталығы шеңберінде «Expobetobe Astana» ресми бастамасы бойынша қол қойылды.

Фриули-Венеция-Джулия өңірі Италияның павильоны аумағында 2017 жылдың 30 шілдесі мен 5 тамызы аралығында EXPO-2017 халықаралық көрмесінің «Келешектің қуаты» тақырыбымен үндесетін табиғи көздерден қуат өндіру тәжірибесінің тұсаукесерін өткізбек.

 Өңірдің «жасыл» технологиялар саласындағы озық әзірлемелері мынадай сәтті жобалар арқылы көрініс тапқан: Удина қаласындағы ауруханаға арнап екі түрлі отын пайдаланатын жүйенің тригенерациясын ұйымдастыру; Градо қаласындағы геотермалдық ұңғымалар негізінде жұмыс істейтін жылыту желілері және т.б.

Таяу жылдары тағы да төмендегідей екі жоба жүзеге асырылады: «NeMo» – жанармай немесе дизельмен жұмыс істейтін қаладағы 800-ден астам көлік құралын электромобильдер мен car sharing (жалпы пайдаланудағы автокөліктер) көліктеріне алмастыру жобасы.

«Watly» – кез-келген көзден алынған үш миллион литрге дейінгі лас суды тазарту және үшінші елдерде пайдалануға арналған, желіден оқшауланған электр қуатын өндіру қабілетіне ие, күннен қуаттанатын футуристік  термодинамикалық тазартқыш.

Бұл өңір аталған жетістіктермен қатар өзінің туристік әлеуетімен және күні бүгінге дейін сақталып қалған көне мозаика өнерімен танымал. Көрмеде Фриули-Венеция-Джулия Мозаика мектебінде қолданбалы декоративтік техника негіздерінен білім алып жатқан қазақстандық студенттер өз туындыларын ортаға салады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz