×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Экономика

Биыл елімізде құрастырылған көлік саны 10 мыңға жеткен

Биыл елімізде құрастырылған көлік саны 10 мыңға жеткен

Жыл басынан еліміздің машина жасау саласында едәуір өсім байқалады.

Яғни қаңтар-тамыз айлары аралығында өндіріс көлемі 6,3 пайызға ұлғайды. Бұл туралы бүгін Астанадағы арнайы брифингте айтылды. Ресми ақпаратқа сай, биыл елде құрастырылған көлік саны 10 мыңға жеткен. Бұл өткен жылдағы көрсеткіштен анағұрлым артық. Ал электр жабдықтарының өндірісі 63,8 миллиард теңге болған. Яғни трансформатор шығару ісі 2 есе ұлғайды. Вагон өндірісі де артып, жалпы көлемі 31 миллиард теңгеден асты. Бірақ ауыл шаруашылығына арналған техникаларды құрастыру ісі жолға қойылмай келеді. Сондай-ақ саладағы импорттың үлесі экспортқа қарағанда басым. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін алдағы күндері Астанада Қазақстан машина жасаушыларының V форумы өтеді.