ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Р.Ошақбаев: Девальвация туралы ақпарат халыққа алдын ала мәлімделуі тиіс

Р.Ошақбаев: Девальвация туралы ақпарат халыққа алдын ала мәлімделуі тиіс Kapital.kz

«Валютаның құнсыздануы туралы нақты ақпарды халық алдын ала білу керек.

Бұл мәліметті Ұлттық банк дер кезінде жариялауы тиіс». «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рақым Ошақбаев осылай дейді. Мамандардың сөзінше, теңге еркін айналымға шыққалы бері қарапайым халық тәуекелге баруға мәжбүр. «Яғни қолдағы ақшасының қашан құнсызданатынын білмей, оны түрлі валютада ұстайды», – дейді экономист.

Жақында ресейлік экономистер теңгенің долларға шаққандағы бағамы 470-ке дейін құлдырауы мүмкін деген болжам жасаған. Алайда кейін Ұлттық банк баспасөз қағазында бұл болжамды жоққа шығарды.

«Бұны естіген қарапайым халық валюта айырбастау пункттеріне жаппай барып жатқан жоқ. Бірақ бұл жағдайда да тәуекел тұрғындардың өзінде ғана деп қосты», – деді Рақым Ошақбаев.

Мәселен, үстіміздегі қыркүйек айында мұнайдың баррель бағасы – 54 доллар, ал рубльдің долларға шаққандағы бағамы 57,3 рубль деңгейінде нығайды. Ал теңгенің бағамы көршілес елдің валютасы тікелей байланысты болса да, керісінше, әлсірей түсті.

Қазір 1 доллар 340 теңге 84 тиынды құрайды. «Бұл факторға Ұлттық банктің нақты экономикалық саясатын жарияламай отырғаны бірден-бір себеп», – дейді маман.

Рақым Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры:

- Девальвацияның кері әсерінің алдын алу үшін Ұлттық банк девальвация қашан болатынын нақты жариялап, мезгіліне дейін белгілеп қоюы тиіс. Сонда ғана халықтың жинап-терген қаржысы бос кетпейді. Бұл жағдайда мемлекеттің алтын-валюталық қоры шығындалады. Бірақ елдің экономикалық саясатының басты бағыты халықтың әл-ауқатын жақсарту екенін ұмытпау керек.