Қазақстаннан Қытайға экспортталатын тауарлар құрамы мен көлемі ұлғайды - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қазақстаннан Қытайға экспортталатын тауарлар құрамы мен көлемі ұлғайды

  • Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 18:44

Қытайға экспортталатын отандық тауарлар қатарында енді таза ауызсу да болды.

Ақмола облысындағы ірі кәсіпорын екіжақты келісімдерді аяқтап, жақын күндері тасымалды бастамақ. Ал бұған дейін жолға қойылған ұн, өсімдік майларын саудалау көлемі тағы ұлғайтылады. Бұл туралы ЕХРО «Қытай – АСЕАН» 14-көрмесінде өткен инвестициялық-экспорттық роуд-шоуда айтылды.

ЕХРО «Қытай – АСЕАН» бұл – Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің халықаралық шарасы. Осы алаңда Қазақстан өзінің келесі бағыттар бойынша мүкіндігін таныстырды. 

Әділхан Өмірбаев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарушы директоры:

- Бірінші бағыт – Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы. Ал екіншісі – экспорттық мүмкіндігіміз. Айта кетейін, шараға АСЕАН-ға мүше басқа елдер де қатысуда.  

Қалған бағыттар – «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының мүмкіндігі. Ал соңғысы саяхаттап қайтуға болатын демалыс орындарымыз жайында. 

Қуаныш Амантай, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қытайдағы бас өкілі:

- Экономикалық жағынан ең дамыған және халқы жағынан ең көп өңір Қытайдың оңтүстігі мен шығыс оңтүстігінде орналасқан. Сондықтан осы өңірлермен қарым-қатынастарды дамыту потенциалы жоғары болып табылады.

Көрмеге қазақстандық 20-дан астам кәсіпорын өзінің тауарын әкелген. Олар үшін кешенде 180 шаршы метрлік павильон қарастырылған. Компаниялардың алды осында жаңа тұтынушылар тауып үлгерді. 

Камила Оспанова, «Цесна» астық компаниясының менеджері:

- Сатып алушылар келді. Қазір біз келісімшартты талқылап жатырмыз. Олар бірінші сорт ұннан алғаш рет 10 вагон алайын деп жатыр.

Әдетте тек ішкі нарықпен ғана шектеліп жүрген құтыдағы ауызсуды да Қытайға сататын мүмкіндік туды. Жоспар бойынша экспорттың жылдық көлемі 100-ден 300 млн литрге дейін барады.    

Шалқар Нұртілеуов, «Asia waters» бас директорының орынбасары:

- Экспортқа шығуға дайынбыз. Осы көрмеден күтіп отырған үмітіміз зор. Жергілікті компания өкілдері, тұтынушылар келіп, қызығушылық танытып отыр. Өзіміздің нөмірлерімізбен алмасып, жаңа бизнес қатынастар орнатып отырмыз.

Нұржан Қожамұратов, «ЭФКО Алматы» компаниясының бас директоры:

- Біздің кәсіпорынның қуаты жылына 200 мың тонна өсімдік майын әзірлеуге жетеді. Осы көрмеде Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен әріптестік орнатып, экспортқа шығуды жоспарлаудамыз. 

Айта кеттейік, Қытайдың оңтүстігі – Қазақстан үшін ірі нарық қана емес, технологиялық жетістіктерімен де әріптестік орнатуға қолайлы аймақ. Алып кәсіпорындарға қоса мұнда тұрғындар күнделікті қолданатын автокөлік, скутерлер, тіпті кейбір велосипедтерде де электрлік қозғалтқыш бар. Ауа райы ыстық бұл өңірде олар күн сәулесімен қуатталады. 

Авторлары: Ердәулет Байдуллаев, Батырбек Ғаділбеков

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.