«Болашақтың энергиясы» көрмесі өз мақсатын сәтті орындады - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Болашақтың энергиясы» көрмесі өз мақсатын сәтті орындады

  • Жұма, 29 Қыркүйек 2017 10:39

Астана  EXPO 2017 халықаралық көрмесі қатысушылар мен қонақтар тарапынан жоғары баға мен жағымды пікірге ие болды. Өйткені «Болашақтың энергиясы» көрмесі өз мақсатын сәтті орындады.

Жасыл технология саласындағы үздік жаңалықты жаһан жұртшылығына таныстырды. ШЫҰ павильонының атқарушы директоры Сунь Ли тілшімізге берген сұхбатында осылай деді. Көрменің ел экономикасының дамуына қосқан мультипликативті әсерін де ерекше атап өтті. Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде «тақырыпты ашу» номинациясында күміс жүлдегер атанған Қытай павильонына 500 мыңдай адам келіп кеткен.  

Сунь Ли, ШЫҰ павильонының атқарушы директоры: 

-Мен үшін EXPO – мықты елге тән мінез бен ақжарқын пейілдің көрінісі. Осы маңызды шара арқылы Қазақстан жасыл энергетиканы дамытуға деген ұмтылысын көрсетті. Әлем жұрты Қазақ елін жақыннан танып, мәдени құндылықтарына қанықты деп ойлаймын. Әлемде қанша жерде болсам да, соның ішінде Астана – маған үлкен әсер қалдырған қаланың бірі. Астана аспанға тиіп тұрғандай, қолыңды созып, ақша бұлттарды ұстауға болатындай сезіледі. Осы көк аспан астындағы Сарыарқаның жазығына жайғасқан қаланың ауасымен тоқсан күн тыныстаудың өзі бір ғанибет.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.