Almaty Invest форумы инвесторларға жол ашады - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Almaty Invest форумы инвесторларға жол ашады

  • Бейсенбі, 05 Қазан 2017 23:33

Халықаралық Алматы әуежайының екінші терминалы салынады.

Сөйтіп халықаралық ұшу залы мен транзиттік аймақ кеңейетін болады. Бұл туралы Almaty Invest 2017 форумында қала әкімі Бауыржан Байбек хабарлады. Бұдан бөлек келесі жылы шаһарда неміс электр автобусын шығаратын зауыт пен қоқыс сұрыптайтын кешен ашылады.

Соңғы 25 жылда Алматы экономикасы 100 есеге, ал тұрғын үй қоры 2 есеге өскен. Дегенмен инвесторларға қаржы салатын сала жеткілікті. Мысалы, қалада мыңнан астам ескі үй бар. Ал олардың инвестициялық әлеуеті 1,5 миллиард долларға жетеді. Индустриялық аймақтың да келешегі мол.

Бауыржан Байбек, қала әкімі:

– Қалада инновациялық, экспортқа бағытталған кәсіпорындарға дайын инфрақұрылымы бар жер телімдері жеңілдетілген шартпен беріледі. Бүгінгі таңда құны 600 миллион доллар болатын 40 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Жоғары технологиялы компаниялар үшін арнайы экономикалық аймақ бар.

Қалада бизнесті жүргізу үшін қажетті деректерге қолжетімділік жеңілдеді. Алматы қаласының Генплан порталында қызыл желілер мен инженерлік желілердің сызбалары жарияланған. Жолдарды, жылу желілерін, аулаларды жөндеу бойынша әкімдіктің жоспарлары көрсетілген.

Азаматхан Әміртаев, форумға қатысушы:

– Осындай инвест форумдардың ерекшелігі – инвесторлар мен кәсіпкерлерге жол ашылады. Осындай жиналыс кәсіпкерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің арасында жақсы көпір болады.

Жалпы Алматы экономикасына салынған 1 мемлекеттік теңгеге 3 теңге жекеменшік инвестициядан келеді. Былтырғы форум нәтижесінде 7,7 млрд теңге қаржыға бес жоба іске асырылып, 1200-ден астам жұмыс орны ашылды.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Нұрдәулет Жақсыбаев 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.