Талдықорғандағы инвестфорумға 70 компанияның өкілі қатысып жатыр - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Талдықорғандағы инвестфорумға 70 компанияның өкілі қатысып жатыр

  • Жұма, 06 Қазан 2017 13:45

Талдықорғанда, халықаралық инвестфорум өтуде. Оған Қытай, Ресей, Германия, Түркия, Оңтүстік Корея елдерінен 70 компанияның өкілдері қатысуда.

Талдықорған қаласының әкімдігі мен Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырған шараның негізгі мақсаты – қаланың инвестициялық мүмкіндіктерін және экономикалық даму жоспарын таныстыру. Жиын басталмас бұрын қаржылық ұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды. Талдықорған бүгінде құрылысы қарқынды, кәсіпкерлік саласы шапшаң өркендеуге бет алған шаһар. Жыл басынан бері қалада 15 жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды. Бұл жиында инвесторлармен ашық диалог өткізіледі. Қаланың  индустриалдық аймағында салынып жатқан және келешекте бой көтеретін кәсіпорындар туралы кеңінен мәліметтер беріледі. Бұлардың кейбіріне қазірдің өзінде, инвестиция құйып жатқан шетелдік компаниялар бар. Солардың бірі - ет комбинатын салуға ниетті. «»

Ян Гуан Хуа, қытайлық компанияның басшысы, форум қатысушысы:

 

-Біз жуырда Талдықорғандағы ет комбинатының құрылысын бастаймыз. Комбинат қазақстандық ет өнімдерін шет мемлекеттерге экспорттайтын болады. Бұл жұмыстар өңірдің мал шаруашылығын дамытуға қарқын береді. Бір сөзбен айтқанда, заманауи қондырғылармен жабдықталатын жаңа комбинат ет өнімдерінің 80-ге жуық түрін шығаратын болады. Мұнда 300 адам тұрақты жұмыс істейді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.