ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Елімізде соңғы 9 айда 32 мыңнан астам автокөлік сатылған

Елімізде соңғы 9 айда 32 мыңнан астам автокөлік сатылған

Өткен 9 айдың қорытындысы бойынша еліміздегі ресми диллерлер 32 мыңнан астам автомобиль сатты.

Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, шамамен 3 пайызға жоғары. Осылайша биыл қазақстандықтар жеңіл көлік үшін 785 млн доллар көлемінде ақша шығарған. Өткен жылдың сәйкес мерзімінен бұл 36 пайызға артық. Яғни көліктердің біршама қымбаттағанын аңғаруға болады. Немесе отандастарымыздың таңдауы қымбат көліктерге ауған. Сатылған автомобильдердің 67 пайызға жуығы импорт. Яғни автосалонға сырттан жеткізілген. Ал 33 пайызы Қазақстанда жасалған темір тұлпарлар.