ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Алматыда өткен VII Орталық Азия сауда форумына 18 мемлекет қатысты

Алматыда өткен VII Орталық Азия сауда форумына 18 мемлекет қатысты

Қазақстан азық-түлік тауарларының өндірісін өркендетіп, экспорт көлемін ұлғайту қажет.

Өйткені бүгінде отандық жеміс-жидек пен көкөніске Ресей мен Қытайдан сұраныс артып отыр. Сондықтан тауар өндірушілерге қазір кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік мол. Бұл жөнінде бүгін Алматыда басталған VII Орталық Азия сауда форумында айтылды. Жиынға жалпы 18 мемлекеттен келген 500 адам қатысты. Олар Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасын нығайту жайын талқылап, көлік-логистика саласында барлық тараптарға тиімді болатын ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ ішкі нарықты отандық жеміс-жидекпен қамтамасыз ету үшін жылыжай кешендерін көбейту қажет. Көлемді жылыжайларды тек ірі компаниялар ғана салуға қауқарлы. «Қыс айларында отандық өнімнің орнын негізінен Қытайдан келетін тауарлар басады. Оған жол бермеу үшін жаңа технологияларды пайдаланып, жылыжай көлемін арттыру керек», – дейді мамандар. Форумда арнайы ұйымдастырылған көрмеде жаңа технологиялар да көрсетілді.

Еркебұлан Марал, инженер-технолог:

– Бұл технологиямен негізінен топырақта өсетін кез келген өсімдікті өсіруге болады. Бір қондырғы тәулігіне 20 келі өнім өсіруге мүмкіндік береді.