ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ЕАЭО тәжірибесі БҰҰ-ның көші-қон бойынша келісімін әзірлеу барысында ескеріледі

ЕАЭО тәжірибесі БҰҰ-ның көші-қон бойынша келісімін әзірлеу барысында ескеріледі

ЕАЭО-тың еңбек ресурстарының ортақ нарығын құрудағы тәжірибесі БҰҰ-ның Қауіпсіз көші-қон бойынша Жаһандық келісімін әзірлеу барысында негізге алынады.

Аталған келісім былтыр Халықаралық ұйымның бас ассамблеясы қабылдаған босқындар мен мигранттар ісі бойынша Нью-Йорк декларациясына сәйкес дайындалуда. Бангкокте өткен Азия-Тынық мұхит аймағының жиынында Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев ұсыныстарды таныстырды. Олардың қатарында еңбек мигранттарына тең құқық беру, азаматтардың еңбек нарығына қолжетімділігі сияқты маңызды мәселелер бар.