ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Ұлттық валютамыз ел ішіне тұңғыш рет Тараз қаласынан тараған

Ұлттық валютамыз ел ішіне тұңғыш рет Тараз қаласынан тараған

Сондықтан осы шаһарда теңгеге арналған ескерткіш бар.

Стелла «Т» әріпі таңбасымен диаметрі 120 сантиметрді құрайтын тиыннан тұрады. Салмағы жарты тоннаға жуық. Бір қырында 15 қараша 1993 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан аумағында төл валютамыздың енгізілгені жазылған.

Стелла қаланың көрікті орындарының бірінде орналасқан. Оның маңында көпшілік кешкілік серуен құрып, түрлі шара өткізіліп тұрады.

Камилла Қырғызбаева, ҚР Ұлттық банкі Жамбыл филиалының бөлім басшысы:

- Бірінші банкноттар Англияда шығарылып басылды және олар Тараз жеріне жеткізілген болатын. Осы жерден ақша бүкіл аймаққа ресми түрде таратылған болатын.