ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Бүгін – төл теңгеміз бекіген күн

Бүгін – төл теңгеміз бекіген күн

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті Жарлыққа 1993 жылдың 12 қарашасы күні қол қойған. Екі ай көлемінде Қазақстан рубль аймағынан толықтай шығып, 15 қараша теңге ресми қолданысқа шыққан күн болып бекітілді.

Естеріңізде болса, ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бейнесі сомдалды. Ұлттық валютамыздың көрінісі кейіннен өзгертіліп, қорғанысы барынша күшейтілді. Сол үшін халықаралық ұйымдар 2012-2013 жылы бір мың, бес мың және он мың теңгелік ескерткіш банкноттарымызға ең үздік деген баға берді.

Ұлттық валютамыздың айналымға енуіне байланысты 15 қараша қаржы секторы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде де атап өтіледі.