Экономика - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Жұма, 13 Қазан 2017 21:06

Қазақстан биыл 10 мың, келесі жолы 15 мың тонна ет экспорттамақ. Отандық ет өнімінің 80 пайыздан көбін Ресей тұтынады екен. Қой еті араб елдері мен Иранға жөнелтіледі. 

Бүгін ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері брифингте мал шаруашылығын дамыту мәселесін сөз етті. 2021 жылы шетелге 70 мың тонна ет сату жоспарланған.

Мал өсімі де жоқ емес. Биыл елімізде жылқы саны 2 жарым миллионға жетсе, ірі қара 7 млн-нан сәл асқан және 18 млн 300 мың бас қой бар. 

Мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 58 млрд теңгеден астам субсидияның басым бөлігі асыл тұқымды мал өсіруге бағытталған. Биыл 21 млн тоннаға жуық шөп дайындалған.

Ермек Абуов, ҚР АШМ мал шаруашылығы департаменті басқармасының басшысы:

-Сенаж дейміз, оның да көлемі былтырғы жылдан артық млн-ға жақындап қалды, сүрлем дейміз, әлі де дайындалып жатыр. Егер малдың өнімін арттырғымыз келсе, ең негізгі көзі – құрама жем.

Жұма, 13 Қазан 2017 19:57

«Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз» және «Қаражанбасмұнайгаз» кен орындарында енгізілген жаңа бағдарламалар мен озық үлгідегі технологиялардың арқасында қара алтын өндірісінің көлемі біршама артып отыр. 

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының Ақтауда өткен жылжымалы кеңесінде айтылды.

Әлем мұнай  нарығындағы күрделі кезеңде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының алға қойып отырған басты мақсаты – мұнай мен газ өндірудің тиімділігін арттыру. Осы орайда өндіріске жаңа әдістер мен соңғы үлгідегі технологияларды енгізуде. 

Мәселен «Quick win» яғни «Жетістікке тезірек жету» кешенді бағдарламасының көмегімен кен орындар жағары нәтижеге қол жеткізді.

Қазыбек Қиынов, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының міндетін атқарушы:

-Жылдың басынан бері 9 айдың қорытындысы бойынша, бүгінгі таңда жоспардан 5500 тоннадай артық келе жатырмыз. Жерасты су айдау қысымын көтеру технологиясы бойынша Жетібайда едәуір жұмыстар жасалды. Соның арқасында бүгінгі таңда жаңағыдай көрсеткіштерге жетіп жатырмыз деген ойдамыз.

Жаңа технологияларды іске қосқаннан кейін қара алтын өндіруге кететін уақыт қысқарып, шығын азайған. Қызмет көрсету мен техникаларды жөндеу жұмыстары оңтайланды. Бұрын істен шыққан ұңғымалар апталап жөндеуде жататын. Ал бүгінде тез арада жөндеп, іске қосуға мүмкіндік туған.

Олег Карпушин, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ игеру, барлау және мұнайсервис бойынша атқарушы вице-президенті:

-Аймақтағы кен орындарға жаңа әдістердің енгізілгеніне көп бола қойған жоқ. Дегенмен аз уақыттың ішінде тиімділігін байқадық. Нәтиже біз күткеннен де жоғары. Біз жаңа технологияларды қолдану жұмысын жалғастыра береміз. Бұл – мол өнім алып, шығынды азайтудың ең тиімді жолы. 

Маңғыстауға келген Ұлттық компания басшылары кенорындарын аралап, мұнайшылармен кездесті. Жер қойнауынан қара алтын игеріп жатқан еңбеккерлердің тұрмыс-тіршілігімен танысты. 

Сондай-ақ серіктес және тәуелді компаниялармен бірлесе жылжымалы кеңес өткізіп, алдағы даму жайын талқылады.  

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Саламат Досалиев

Жұма, 13 Қазан 2017 14:32

Халықаралық EXPO көрмесін өткізу қазақстандық экономиканы жасыл трансформациялауға серпін берді.

Үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Энергия тиімділігі және ресурстарды үнемдеу қоғамдық палатасының басқарма төрағасы Елдос Абақанов осындай пікір білдірді.

Елдос Абақанов EXPO 2017 көрмесін өткізу қазақстандық экономиканы жасыл трансформациялауға серпін бергенін, ал Қазақстанның осы саладағы негіз құраушы бастамалары, оның ішінде елдің «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдама мен «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы 2050 жылға дейінгі дамудың векторын айқындады.

Қазақстанның қоғамдық ұйымдары соңғы жылдары бірқатар іс-шара өткізді және «Болашақ энергиясы» көрме тақырыбын ашатын көптеген жобаны жүзеге асырды. Тек 2017 жылдың өзінде Қоғамдық палата серіктестермен бірге 4 негізгі бағыт бойынша шамамен 20 жобаны іске асырды.

Біріншісі – тәжірибе жинақтау және беруге арналған «жасыл» экономиканың көрсету алаңдарын құру. Бұл бағыттағы зәкірлі жобалардың бірі Арнасай алғашқы «жасыл» ауылын құру болды. Онда жергілікті тұрғындардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін үздік технологиялар мен практикалар енгізілді.

Бүгінгі таңда Арнасай ауылының жасыл инфрақұрылымы орта мектептен, «Арнасай» жасыл технологиялар орталығынан және басқаларынан тұрады.

Атап айтқанда, базасында 35 жасыл технология дамытылған «Арнасай» технологиялар орталығында 2015-2017 жылдары жасыл бизнесті жүргізу негіздерін, арнайы технологияларды пайдалануды оқытудан 7 мыңнан астам қазақстандық өтті.

Екінші бағыт – отандық новаторлар мен өнертапқыштарды қолдау. 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін инновациялық жобаларды анықтау және тираждау бойынша «Онлайн EXPO-2017» республикалық байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша 600-ден астам өтінім тапсырылды. Топ-50 технология әзірленді. Ал соңында 5 шешім «Нұр Әлем» ұлттық павильонында көрсетілді.

Тұрақтылық пен новаторларды әрі қарай қолдауды қамтамасыз ету жолында қоғамдық ұйымдар елдің трансферттік әлеуетін дамыту үшін Коммерцияландыру кеңсесін құрды. Кеңсе аясында ғалымдар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, жобаларды техникалық сараптау, сондай-ақ оларды ілгерілету тұрғысынан қолдауға ие бола алады.

Үшінші бағыт – жастарды EXPO тақырыбына тарту. Мұндай жобаларға халықаралық, экологиялық, этнографиялық және зияткерлік демалысты дамыту мен тәжірибе алмасу мақсатында Арнасайда «EXPO-Camp» жастардың жасыл лагерін құруды жатқызуға болады. 2017 жылдың маусымынан бастап тамызға дейінгі аралықта лагерьдің жұмысына елдің барлық өңірінен мыңнан астам бала қатысты.

Сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі мен БҰҰДБ серіктестігі аясында биыл қаңтарда жастар арасындағы «Менің жасыл Қазақстаным» республикалық байқауы бастау алды. Оның негізгі міндеті жастарды Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі бойынша Тұжырымдамасын іске асыруды кеңінен баяндауға жастарды тарту, жасыл технологиялар мен энергияның жаңғыртылатын көздерін ілгерілету және қолдану болды.

Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысты. Шарттарға сәйкес қатысушыларға өңірде, кәсіпорында, шаруашылықта және тұрмыста қолданылатын жасыл технологияларды немесе энергияның жаңғыртылатын көздерін пайдалану туралы бейнеролик түсіру қажет болды. Байқауға қатысушылар шамамен 200 бейнеролик тапсырды. Олардың ішінен комиссия еліміздің барлық өңірінен 16 жеңімпазды іріктеді.

Соңғы бағыт – «жасыл» экономика тұжырымдамасын институционалдық дамыту. Бұл бағытта НҚА жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіледі. Жасыл технологиялар тізілімі жасалды.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.