17:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қызылорда облысында балық өнімдерінің экспорты артты

    Жұма, 12 Қаңтар 2018 21:17

Сыр өңірінде соңғы жылдары балық аулау мен өңдеу көлемі артып келеді.

Мәселен, өткен жылы аймақта 7 600 тонна су маржаны сүзілген. Ал экспортқа 3 400 тонна балық өнімі шығарылып отыр. Бұған дейін Еуропа нарығын еңсерген кәсіпорындар жуырда алғаш рет Қытайға өнім саудалай бастады.

Бұл – Еуропаға балық өнімдерін экспорттайтын Сыр өңіріндегі 3 зауыттың бірі. Мұнда тәулігіне бір жарымнан 5 тоннаға дейін су маржаны өңделеді. Кәсіпорын өнімі биыл алғаш рет Қытайға экспортталды.

Ғазиза Құлнияз, технолог:

- Бізде осы жерде Арал ауданына қарасты Бөген елді мекенінде үлкен сервистік дайындау орталығымыз бар. Тастүбек, Үшшоқы деген учаскелерде балық ауланып, жылына маусымдық және тұрақты жұмыспен қамтылған бірнеше бөлімшеміз бар.

Заманауи қондырғылардың көмегімен бар-жоғы 2 минуттың ішінде 20 келі балықты тазалауға болады. Одан кейін бірнеше сатылы өңдеуден өтеді.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Бұл көксерке балығы – Арал теңізіндегі ең құнды су маржандарының бірі. Әсіресе Еуропада ерекше сұранысқа ие. Өйткені бұл балықтың құрамы қажетті дәрумендерге өте бай және сүбе еті бөлек кесіліп алынып, мынадай күйде шетелге экспортталады. Ал қалған бөлігі дәл осы жерде қалдықсыз өңделеді. Мәселен, мына бет еті мен төстігі дүкендерге саудаға шығарылса, қалған бөлігін фаршқа айналдырып, сүйегін ұн ретінде тартады екен.

Жалпы Арал маңында осындай 8 балық өңдеу зауыты бар. Олар жылына 11 мың тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы. Балық шаруашылығының қарқынды дамуы аймақтағы балық өнімдерінің экспортын соңғы 3 жылда 2 есеге арттыруға мүмкіндік берген.

Жалғас Ахметов, облыстық табиғи ресурстар басқармасының бөлім басшысы:

- Тек өткен жылдың өзінде 3 400 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды. Оның 70 пайызы, яғни 2 200 тоннасы Ресей Федерациясына, 900 тоннаның үстінде Еуропа елдеріне, оның ішінде Дания, Нидерланд мемлекеті, Польша мемлекеттеріне шығарылса, балық өнімдерінің 60 тоннадай бірінші рет Қытай мемлекетіне шығарылды.

Өңірде балық қорын сақтау жұмыстары да жүйелі жүруде. Жыл сайын Арал теңізі мен оның маңындағы су айдындарына 15 миллиондай шабақ жіберіледі. Одан бөлек Қызыл кітапқа енген Арал қаязы балығын көбейту қолға алынып отыр.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық әріптестік нығая түседі

    Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 20:47

Ширек ғасырлық тарихы бар Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық әріптестік тағы да нығая түспек. Сарапшылар жақын аралықта өзара тауар айналым көлемі мен оның түрі артады деп болжауда. Қазірдің өзінде еліміз алыс-беріс жасайтын мемлекеттер қатырында АҚШ тоғызыншы орында тұр.

Алдымен негізі 1992 жылы қаланған әріптестіктің нәтижесіне тоқталсақ. Қазір Қазақстан аумағында АҚШ-тың 500-дей компаниясы жұмыс істейді. Олардың 140-тан астамы бірлескен кәсіпорын. Ірілерінің қатары 37, ал орташасы 26.

Санат Күшкімбаев, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

- АҚШ экономикалық тұрғыда әлемдік көшбасшы мелекеттердің бірі. Осы тұста Қазақстанның өзара әріптестік орнату стратегиялық маңызға ие. Ол тек сауда тұрғысынан ғана емес, қаржылық жағынанда. Мәселен еліміге инвеситция салған елдер арасында АҚШ екінші орында. Осы байланысты тереңдетуге қос тарапта мүделлік танытқандығы қуантады.

Теңізшевройл. АҚШ компаниясының қатысуымен ашылған алғашқы әрі ең ірі кәсіпорынның бірі осы. Олай дейтініміз елімізде өндірілетін барлық мұнайдың үштен бірі осы «Теңіз» кен алаңынан алынады. Алда өтетін талқылаулар аясында өзге де ірі жобалар қарастырылады деп күтілуде.

Джордж Крол, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

-Жақын күндері Қазақстан Президенті АҚШ-қа барады деп жоспарланып отыр. Осы сапар аясында кәсіпкерлермен арнайы кездесу ұйымдастырылады. Демек, экономикалық байланыс тереңдей түседі. Онда Қазақстанда ашылатын кәсіпорындармен қатар керісінше қазақ бизнес өкілдірінің АҚШ-та жұмыс жасау жайыда қарастыруға болады.   

Қаржы министрлігінің дерегінше, 2017 жылдың 10 айында құны 339 млн доллар болатын тауар мұхит асыпты. Олар негізінен метталл мен химиялық өнімдер. Ал біздің сатып алғанымыз, көлік пен түрлі құрылғылар. Аталмыш мақсатқа 1 млрд-тан астам доллар жұмсалған. Қазақстан тауар алмасатын елдер қатарында АҚШ тоғызыншы орында тұр.

Авторлары: Ердәулет Байдуллаев, Ерсін Мұханбеталин

Экономист ғалымдар Елбасы Жолдауына қатысты өз ойларымен бөлісті

    Сәрсенбі, 10 Қаңтар 2018 15:15

Еліміздегі маңызды стратегиялық бағдарламалардың іске асуы дамушы экономикаға негізделген.

Индустрия қарқынын арттыру, кәсіпкерлікті жетілдіру, қаржы жүйесін оңтайландыру мен әлеуметтік жағдайды жақсарту осыған саяды. Елбасы кезекті Жолдауында 10 басым бағытты атады. Соған орай экономист ғалымдар да өз ойларымен бөлісті.

Рахман Алшанов, Экономика ғылымдарының докторы:

Қазір цифрлы технология деп жатырмыз ғой. Дүние жүзі сонымен келе жатыр. Қазір Қазақстанда көп нәрсе жасалды. Бірақ дегенмен істелетін шаруа аз емес. Соған Үкіметтің қызметін үйлестіру, экономикада, өндірісте соны пайдалану дегендей жан-жақты пайдалану керек. Оған маман керек. Соған қазір білім саласына айтып отыр білім саласы даму керек. Көп жағдай жасалып жатыр. Негізгі айтқаны халық жауапкершілігі өзімізде. Көп нәрсеге жеттік. Сол үлкен шама, жетістіктер жалғасын тапсын деген Жолдаудың негізгі бағыты деп ойлаймын.

Ақмола облысының экономикасына 250 млрд теңге инвестиция тартылды

    Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 12:12

2017 жылы Ақмола облысының экономикасына 250 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, өндірістік нысандардың құрылысына қан жүрді.

Мысалы, өңірде 141 млрд теңгенің 100 инвестициялық жобасы іске қосылып, нәтижесінде 2 жарым мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жаңадан ашылған кәсіпорындардың ішіндегі ең ірілерінің бірі Еңбекшілдер ауданындағы цемент зауыты. Кәсіпорында 600 адам еңбек етеді. Жылына 2 млн тонна цемент шығара алады. Ал Степногорск қаласының маңындағы «Қазақалтын» кәсіпорнына тиесілі 3 бірдей кен өңдеу фабрикаларында 700-ден астам адам жұмысқа орналасқан. Мұнда жылына бас-аяғы 7 млн тонна кен терең өңделеді. Ал осы жылдың соңына қарай Бұланды ауданында салынып жатқан Қазақстандағы ең ірі құс фабрикасының алғашқы кезеңі іске қосылады.

Александр Загребин, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары:

-Тартылған инвестициялардың 60 пайызы кәсіпкерлердің жеке қаржылары. 2018 жылы да осы қарқын сақталып, бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылмақ. Мәселен, Жарқайың ауданындағы Масал кен орнынан үлкен үміт күтеміз. Мыңдаған жұмыс орны пайда болады. Зеренді ауданында да кен өңдеу комбинаты іске қосылады.