08:10 Әрі қарай эфирде: «Давайте говорить!» ток-шоу
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

ЕАЭО-ға мүше елдер ГМО өнімдеріне талапты күшейтпек

    Жұма, 26 Қаңтар 2018 19:35

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер құрамында гендік модификацияланған организмдер бар өнімдерге талапты күшейтпек.

Енді ГМО көлемі қалыпты 0,9%-дан асып кеткен өнімнің қорабында «ГМО» таңбасы үлкен әріптермен жазылады. Бұрын мұндай жазу ұсақ әріппен берілетін.

Еуразия экономикалық комиссияның баспасөз қызметі осылай хабарлады. 5 елге ортақ ереже осы жылдың соңында күшіне енеді. Ал әлемдік ғылыми қауымдастық әлі күнге гендік түрленген өнімдердің пайдасы мен зияны туралы біржақты шешім шығара алмай отыр.

Гендік модификация: «иә» немесе «жоқ». Әлем қақ жарылып тұр. «ГМО мәдениеттің» бастауы сонау 80-жылдары десек те, әлемдік ғылыми қауымдастық әлі күнге ортақ тұжырымға келген жоқ. Бірі – бұл адамзатты аштықтан аман алып қалудың жолы десе, енді бірі керісінше, ГМО адамзатқа жасалған қастандық деп есептейді.

Гендік модификацияланған өнімді бір кісідей зерттеп келе жатқан академик Төрегелді Шарманов ГМО-ны қолдайды. Мұндай өнімдер рак ауруын тудырады, ағзаны улайды дегенмен де келіспейді қарт ғалым. Себебі адамның гені тамақтан бұзыла салатындай әлсіз емес.

Төрегелді Шарманов, Қазақ тағамтану академиясының президенті:

– Ағза ерекше құрылған 4 кезеңнен тұрады. Оның біреуінен өтсе, екіншісінен өте алмайды. Сондықтан қауіп жоқ. Сондықтан одан қорқуға да болмайды. Одан қауіптеніп, біз осындай болып қалдық деген бұл ғылымға сәйкес келмейтін қате ұғым.

Қазір әр елде ГМО қоспасын тағамда пайдаланудың өзіндік деңгейлері бар. Мысалы, Жапонияда –ол 5%, кейбір Еуропа елдерінде – 0,9%, АҚШ-та – 10% ГМО қоспасын пайдалануға рұқсат етілген. Қазақстанда ГМО мөлшері 0,9% деп бекітілді. Былтыр мамандар 1918 азық-түлік өнімін тексерсе, соның 11-інен ГМО табылған.

Дана Қасқатаева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас сарапшысы:

– Мынау өнім ғой, сыртында ГМО бар ма, жоқ па жазылып тұрады. Жазылғаны шын ба деп, қараймыз да тексереміз. Мониторинг шеңберінде жалпы 20 тоннадан астам сәйкес келмейтін өнімдер, оның ішінде ГМО-сы бар өнімдер алынып тасталды. 25 млн теңге көлемінде айыппұлдар салынды.

Гүлжан Марқабаева, тілші:

– Мамандар құрамында ГМО-сы көп тағамдардың тізімін анықтады. Олардың қатарында таңғы құрғақ астар, тез дайындалатын лапшалар мен жүгері ұны бар. Олардың дені мұхит асып келген. Олардың құрамындағы ГМО-ның көрсеткіші қалыпты 0,9% асып, кейбіреуінікі тіпті 40%-ға дейін жеткен.

Қарсылықтарға қарамастан, соңғы жылдары ГМО мәдениеті кең тарала бастады. Канада әлемде ГМО-рапс өндіруден алда тұр. Ал батыстың кейбір елдері осындай тағамдарды тұтынуға мәжбүр. Себебі органикалық таза тағамдардың бағасын қарапайым халықтың қалтасы көтермейді.

Шынболат Рсалиев, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ бас директорының орынбасары:

– Ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша, мысалы, соя, қант қызылшасы, рапс бойынша әлемде жетекші ГМО егетін елдер бар. Олар Америка, Мексика, Канада. Жылдан жылға оның санын көбейтіп жатыр. Сол деректерге қарап отырмын, ГМО қолдану жылдан жылға етек жайып келеді. Оған біз қарсымыз ба, қарсы емеспіз бе оған қарамайды.

ГМО-ға табанды қарсылық танытып жүрген қазақстандық биолог – Евгений Климов. «Гендік түрленген өнімдер – ұлтты ұрпақсыз қалдыратын үлкен қауіп», – дейді ол.

Евгений Климов, «KazFOAM» органикалық ауыл шаруашылығы қозғалысы федерациясының төрағасы:

– Әлі күнге дейін ғылыми нақтылық жоқ. ГМО-ның қауіпті екенін дәлелдейтін жұмыстар бар, бірақ оны жоққа шығаратын да ғылыми жұмыстар көп. Оның үстіне ГМО өндірушілері ұзақмерзімді зерттеулермен айналыспайды, олар жүргізген зерттеудің ең ұзағы 90 күн ғана. ГМО денсаулыққа қауіпті. Тәжірибеге қатысқан көртышқандардың екінші және үшінші ұрпақтары көбею мүмкіндігінен айырылған. Қалай дегенмен де, әлем қазір органикалық өнімге бәс тігіп отыр. Оның нарығы қазір 90 млрд АҚШ долларына тең.

Бір қызығы, гендік түрленген өнімдерге қарсылық танытушылардың қатары артқан сайын оны жақтаушылардың да саны көбейіп барады. Ал «ауру – астан» деп түсінген қазақ мұндай тағамға бәрібір күмәнмен қарайтыны анық. Оның үстіне қазақтың кең байтақ жері ат төбеліндей аз халықты табиғи таза тағаммен қамтуға қабілетті.

Авторлары: Гүлжан Марқабаева, Алма Оразбаева, Аманжол Байғазин

«Альфа-Банк» акциясына қатысқан азаматтар футболдан өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды

    Жұма, 26 Қаңтар 2018 19:09

Жуырда FIFA 2018 Еуропалық банкі мәртебесіне ие болған «Альфа-Банк» қазақстандықтарға тамаша сыйлық жасамақ.

«Альфамен жеңіске жет!» акциясына қатысқан әр азамат енді футболдан өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Бүгінде аталған қаржы институты тұрақтылығы жағынан қазақстандық банктер арасында үшінші, ал несиелік портфельдің өсімі жағынан төртінші орынға ие болып отыр.

Енді әр қазақстандықтың Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатын теледидардан емес, стадионнан көруіне мүмкіндігі бар. Оған қол жеткізу үшін тіпті ғимараттан шығудың да қажеті жоқ. Бар болғаны банктің интернет сайтында қысқа сауалнаманы толтырып, футбол жанкүйерінің алтын картасын алу керек. «Альфа-Банк» қызметкерлері оны үш күнде ашып береді. Қаржы мекемесі өкілдерінің айтуынша, қызмет деңгейі мен мүмкіндігі жағынан бұл картаның баламасы жоқ.

Андрей Тимченко, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ бас басқарушы директоры:

– Бұл карта бойынша сыйақы мөлшерлемесі 6 пайызды құрайды. Мұнымен қатар қарта қолға тиген бойы, оның иесіне 2 мың балл сыйға беріледі. Одан кейін терминал арқылы есеп айырысу кезінде үнемі балдар тағайындалып тұрады. Яғни дүкендердегі POS-терминалдар арқылы жасалған әр 30 мың теңге төлемге бір балл қосылады. Олар өз кезегінде ұтысқа қатысуға мүмкіндік береді. Ең басты сыйлықбиыл футболдан өтетін әлем чемпионатына жанкүйер жолдамасы.

«Альфамен жеңіске жет!» акциясы 17 мамырға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында банк бас сыйлықтарды бірнеше мәрте ойнатып, жеңімпаздарды анықтайды. Қызықты науқанға қатардағы салымшылармен қатар кәсіпкерлер де қатыса алады.

Дамир Кәкиев, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ бұқаралық бизнес блогының жетекшісі:

– Бақытты билетті ұтып алу үшін бар болғаны «Альфа-Банкте» есепшот ашып, сыйлықтар ойнату акциясына қатысу қажет.

Нәтижеде үлкен ұтыстан клиенттер де, «Альфа-Банктің» серіктестері де қапы қалмайды. Бәрінің әлем чемпионатының ең қызықты ойындарын тамашалауға мүмкіндігі тең.

Авторлары: Асқар Серғалиев, Валентин Лобанов

БҚО-да халық саны 2 мыңнан асатын ауылдарға дербес бюджет енгізіліп жатыр

    Жұма, 26 Қаңтар 2018 17:06

Батыс Қазақстан облысында биыл 42 ауыл, екі кент пен бір моноқаланың өз бюджеті пайда болды.

Бұл өзгерістер «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген міндеттер шеңберінде жүзеге асты. Бағдарламада 2018 жылдан бастап елімізде адам саны 2000-нан асатын ауылдардың дербес бюджетін енгізу тапсырылған болатын.

Орал қаласына қарасты Круглоозерное кентінде 6 мың жарым адам тұрады. Кентте 77 кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Соңғы ашылғаны – ауыл шетіндегі дүкен.

Болатбек Иманғалиев, кәсіпкер:

Осындай бір азық-түлік дүкенімізді аштық. Ел аялдамадан түскенде нанын, сүтін алады. Салық төлеп, екі-үш адамды қамтып отырмыз.

Салық демекші, жас кәсіпкердің алғашқы салығы ауылдың алғашқы бюджетіне тікелей түспекші. Басқа да салық төлемдері мен әкімшілік айыппұлдардан қазына құралады. Бірақ жергілікті түсімдер жетпейді. 92 млн теңгенің 70 миллионы субвенция, яғни жоғарыдан келмек. Кенттің биылғы бюджеті қайда жұмсалатыны әлдеқашан шешіліп қойған. Қоғамдық кеңес мүшелері ұйғарғандай, қаржының басым бөлігі абаттандыру мен ауыл тазалығына, жарықтандыруға жұмсалмақ. Жуырда жөнделген жолдың бойына қойылып жатқан жарық нүктелері –осы ортақ келісімнің жемісі.

Манап Қажыпов, кент тұрғыны:

Қандай мәселе болса да, жергілікті халықпен, қарттармен, жастармен сөйлескен дұрыс. Себебі үлкені бар, кішісі бар, бәрі кем-кетігін айтады. Не жетпейді, нені қайта тұрғызу керек?

Насия Төлегенова, кент тұрғыны:

Новостройка деген шағын ауданда тұрамыз. Ол жақта ауыл ішіне жол салынбаған. Жай жол. Қыста кей күндері аршылмай қалады. Балалар келе алмай қалады.

Әрине, жол салу секілді күрделі құрылысқа кенттің күші жетпес, алайда қар күреу секілді жұмыстар енді уақтылы атқарылмақ. Кент басшылығының айтуынша, бұрын осы тәріздес мәселені шешу үшін олар ТҮКШ бөліміне хат жолдайтын. Олар өз кезегінде тиісті мекемелерге хабарласатын. Арада уақыт өтетін.

Кенесары Нұршин, Круглоозерное кентінің әкімі:

– Осындай әрекет жасасақ, енді қазір бюджет шеңберінде ауылдағы ұсақ-түйек мәселені өзіміз де шеше аламыз. Өзіміздің қаражатымыз бар. Оларға конкурс жариялаймыз. Соның нәтижесі бойынша мердігер өзімізде болады, әкімдіктің құзіретінде болады. Ешкімге де бағынышты емес.

Батыс Қазақстан облысында 151 әкімшілік бірлік болса, соның 45-інде биыл дербес бюджет енгізілді. Жалпы сома – 2 млрд 813 млн теңге.

Қайсар Маңқараев, БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

– Ендігі мақсат – осы ақшаны нәтижелі және сапалы игеру. Енді меніңше, әрбір деңгейдегі әкімдердің ең басты мақсаты – сол жерде, сол әкімшілік бірлігінде бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу.

Кеңесіп пішкен тон келте болмас. Тың өзгерістер тұрғындардың белсенділігін арттырып, қабылданар шешімдердің сапалы болуына ықпал етпек.

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Р. Ғазезов

Қытайда қазақстандық бал өнімдеріне сұраныс артып келеді

    Бейсенбі, 25 Қаңтар 2018 14:14

Отандық бал өнімдеріне Қытайда сұраныс артып келеді.

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы омарташылар бірнеше жылдан бері сыртқы нарықты бетке алып отыр. Жалпы ауданда 130-дан астам ара шаруашылығы болса, оның бесеуі асылтұқымды карпат тектес тұқымдарды ұстайды. Былтыр 250 тонна бал жиналған. Шекаралас аудан тұрғындары үшін ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік жәрмеңкелері жиі ұйымдастырылып тұрады.

Серікқазы Сәдуақасов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:

- 70 тоннадай Қытай Халық Республикасына экспортталды. Шығарған себебі ол жақта жәрмеңке өтеді. Одан кейін жеке кәсіпкерлер күнделікті екі ортаға автобус жүріп тұрады. Сол арқылы тиісті құжаттарын алып, кеденнен өтеді. Сол арқылы сатып жатыр. Біздің Үржар ауданының балы сапалы, оған сұраныс та өте жоғары.