Экономика - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Бейсенбі, 19 Қазан 2017 09:48

Соңғы 5 жылда Қазақстанның электрондық үкімет төлем жүйесі арқылы қабылданған төлемдер сомасы 41 жарым млрд теңгеден асты. Ал биыл қазақстандықтар 12 жарым млрд теңгеге түрлі операция жасаған.

Жалпы жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар  жүйе арқылы жиі төленеді екен. Еgov.kz арқылы бұл бағыт бойынша бюджетке биыл 10 трлн астам қаржы түскен. Келесі орында салықтар тұр.  464 млн теңге салық аталған төлем жүйесі арқылы өтелді. Коммуналдық төлемдерді де отандастарымыз  электрондық үкімет арқылы төлеуге машықтанған екен. Бүгінде Egov.kz көмегімен 46 қызмет түрін төлеуге болады.

Бейсенбі, 19 Қазан 2017 09:24

Валюта нарығындағы жағдай тұрақталды. Яғни мұнай бағасы және саудада әріптес елдердегі  айырбастау бағамдары секілді сыртқы факторлар қолайлы. Бұл жөнінде Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Айтуынша, теңгенің айырбастау бағамы іргелі факторлардың серпініне сәйкес келеді және бәсекеге қабілеттіліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Теңге бағамы жыл басындағы деңгейге қайта келіп тұрақтаған.

Мәселен, қаңтар, ақпан айларында бағам 1 доллар үшін 333 теңге 29 тиын болса, қазір 333 теңге 53 тиын. Несие нарығындағы ахуал тұрақтанып келеді. Биылғы 8 айда банктердің берген несие көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,7 пайызға артқан. Оның ішінде ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 23,2 пайызға немесе 1,1 трлн теңгеге ұлғайған.

Сәрсенбі, 18 Қазан 2017 23:14

Қазақстанда орталықтандырылған сатып алу қызметі құрылады.

Қаржы министрлігінде мемлекеттік сатып алу заңнамаларына өзгерістер енгізу бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл шара баға мен тауар сапасына оң ықпалын тигізеді.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.