17:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Швейцарияның Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық форум басталды

    Сейсенбі, 23 Қаңтар 2018 13:46

Бүгін Швейцарияның Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық форумның 48-ші сессиясы басталды.

Айтулы шараға 110 мемлекеттен 3 мыңнан астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында жоғары лауазымды саясаткерлер, халықаралық ұйым жетекшілері, қоғам қайраткерлері мен алдыңғы қатарлы сарапшылар бар.

Форумға қазақстандық делегация да қатысуда. Бұл жолы экономикалық байланыстар, климаттың өзгеруі және төртінші өнеркәсіптік революция сияқты тақырыптар ортаға салынады. Жалпы басқосу аясында 400-ден астам сессия жоспарланған.

СҚО мен БАӘ арасында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды

    Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018 21:27

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов бастаған делегация жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласына барды.

Делегация құрамында облыстағы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, «Қазақ-Инвест» ұлттық компаниясы мен қаржы институттарының, сондай-ақ өңірдегі бизнес ұйымдардың өкілдері бар. Олар Әмірліктің еркін экономикалық аймағымен, құбыр шығару зауытымен, күн батареясымен, авиа академиясымен, емханалары және Фуджейра университетімен танысты. Облыс басшысы Құмар Ақсақалов пен шейх Хамад Аль Шаркидің кездесуінде Солтүстік Қазақстан облысының тарихы және болашақта өзара ынтымақтастыққа серпін беретін өңірдің инвестициялық әлеуеті туралы айтылды. Кездесу соңында тараптар 4 меморандумға қол қойып, араб компаниялары және Фуджейра университетімен ынтымақтастық туралы бірқатар келісім жасалды.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Біздің облысымыздың делегациясы Фуджейра эмиратқа келіп, біраз ең жақсы дамыған технологияларға қарап отырмыз. Бүгінгі күні жалпы біздің облысымызда потенциалымызды да көрсеттік. Ең біріншіден ауылшаруашылық саласының потенциялы, өнеркәсіп және де логистика потенциалымызды айтып отырмыз.

Былтыр Құрық порты арқылы Бакуге жөнелтілетін жүк көлемі 45,1%-ға көбейген

    Сенбі, 20 Қаңтар 2018 08:05
Фото: inform.kz

2017 жылдың қорытындысы бойынша Баку-Құрық-Баку бағыты бойынша паромдық жүктерді өткізу көлемі артып, 21 мың 62 теміржол вагондарын құрады.

Баку порты баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылы айтарлықтай өсім теміржол вагондары тасымалында, дөңгелекті техника мен үлкен жүк техникалық құралдарында байқалған. «Осылайша, Бакудің Гарадаг ауданының Алят кентінде орналасқан Баку портының паромдық терминалында жүк өткізу көлемі 26,4 процентті құрап, 46 679 дананы құрады. Жалпы көлемнен 6 мың 124 вагон (13,1%) Баку-Ақтау-Баку бағыты бойынша және 21 мың 62 вагон (45,1%) Баку-Құрық-Баку бағыты бойынша (Құрық порты 2017 жылдың наурызында ашылды) жөнелтілген», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Түрікменстан мен Қазақстанға жолаушылар тасымалы 41,4%-ға артып, 33 129 адамды құраған. «Баку портының қызметтерін пайдаланған көлік құралдарының саны өткен жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 21,4% жетіп, 28 мың 584 дананы құрады. Осы ауқымнан 9 716 немесе көлік құралдарының 34% Баку-Ақтау-Баку бағытымен және 28 данасы (0,1%), Баку-Құрық-Баку бағытымен жөнелтілген», – деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 2017 жылы 150 трлн теңгеден асқан

    Жұма, 19 Қаңтар 2018 21:35

Бұл 2016 жылғыдан 60,3 пайызға көп.

Сарапшылар бұл Қазақстан қор биржасы тарихындағы рекордты көрсеткіш екенін айтады. Сондай-ақ акция нарығының капиталдануы 20 пайыз, яғни 17 триллион теңгеге өсті. Мұндай жетістікке жетуге экономикадағы өсім, инфляция деңгейінің төмендеуі мен жыл бойы базалық мөлшерлемені азайтып келген Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты септігін тигізген. Ал биржада 12,3 триллион теңгеге шетел валютасы саудаланған. Бұл былтырғыдан 17,6 пайызға көп. Келісімдердің 98 пайызы АҚШ долларының еншісінде. Былтыр АҚШ доллары 310-345 теңге аралығында болған.

Андрей Цалюк, Қазақстан қор биржасының басқарма төрайымының орынбасары:

– Жыл қорытындысы бойынша теңге 0,3 пайызға нығайды. Демек ұлттық валютаның тұрақтылығы туралы айтуға болады. Осының арқасында инвесторлардың теңгедегі құралдарға деген қызығушылығы сақталып отыр. Осы үрдіс құнды қағаздар нарығында да байқалады. Бұл өте маңызды.